Баспасөз қызметі

Қостанай мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшелерінің бірі – баспасөз қызметі, оның басты міндеті – университетте болып жатқан тәрбие және білім беру процестерін уақтылы және объективті түрде қамту, қоғамда жағымды имидж қалыптастыру. Баспасөз қызметінің құрамына бөлімшенің жетекшісі, ректордың баспасөз хатшысы, медиа-студия, сонымен қатар студенттік пресс-клуб кіреді.

ҚМУ баспасөз қызметі Facebook, VK, Instagramm әлеуметтік желілерін және университеттің ресми сайты – ksu.edu.kz, сонымен қатар аймақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасайды.

Біздің серіктестеріміздің қатарында республикалық «Білімді ел», облыстық «Костанайские новости» , «Қостанай таңы» газеттері және «Қостанай-агро», «Учительская +», «Біздің Қостанай» газеттері бар. Университеттің баспасөз қызметі аймақтық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына университеттің тыныс-тіршілігі жайлы объективті ақпараттарды дайындап, жариялап тұрады.

Университетте 20 жылдық тарихы бар «Білім жарысы» студенттік газеті, 2002-жылдан бері жарық көріп келе жатқан «Жас өркен–Қостанай» танымдық журналы шығарылады. Ең қызықты оқиғалар – студенттердің ғылымдағы, оқудағы, спорттағы жетістіктері осы баспа беттерінде жарияланады. Сонымен қатар «Білім жарысы», «Жас өркен–Қостанай» беттерінде оқу ордамыздың студенттері мен оқытушылары, қызметкерлері өз ойларымен бөлісу мүмкіндігіне ие.

ҚМУ сайтынан А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті өткізетін іс-шаралар, конференциялар және басқа да шаралар туралы жаңа ақпараттар табуға болады.

Сіздің де объективті, қызықты ақпараттың авторы болу құқыңыз бар. ҚМУ басылымдарының беттерінен өз мақалаңызды көргіңіз келсе төмендегі электрондық адреске жіберулеріңізге болады: media_studia@ksu.edu.kz (Outlook).

Байланыс телефондарымыз: 8 (7142)51-11-64,  51-11-67

КГУ