Университет ректорының ресми блогы

Куанышбаев Сеитбек Бекенович

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,

География ғылымдарының докторы

Қымбатты достар!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Қостанай өңірлік университеті – ерекше және ғажап оқу орны. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің жекелеген салаларындағы жарқын жеңістері мен елеулі жетістіктерінің саны бойынша еліміздегі ең көне немесе ең ірі университет бола алмағанына қарамастан, біздің университет көбіне атақты жоғары оқу орындарынан кем түспейді, тіпті олардан асып түседі.

Біздің университеттің бай және қызыққа толы тарихын көптеген талантты, ерік-жігері мықты және бірегей адамдар жасаған, олар өз Alma mater-ін  жақсы көрді және мұнда ұлттық тәрбиенің озық дәстүрлерімен жұмыс істеді. Аға әріптестерінен қалған барлық жақсылық пен жарқындықты мұқият сақтай отырып, қазіргі ұжым ғылым мен инновация саласындағы озық тенденцияларды ұстанып, өзін белсенді түрде дамытып, университетімізді де дамытып келеді. ҚӨУ түлектері жоғары кәсіби біліктілік пен терең пәнаралық білімді ұштастыра біледі. Нәтижесінде Қостанай облысы тұрғындарының бірнеше ұрпағы осында өздері білім алып, балалары мен немерелерін бізге әкеліп жатыр.

Университеттің ғылыми-инновациялық жұмысы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, ғылымды көп қажет ететін өнімдерді жасауға, заманауи өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, агрохимия және топырақтану, микробиология, ветеринария және мал шаруашылығы, өсімдік және жануарлар биотехнологиясы, ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру, IT-технологиялар, археология саласындағы, сондай ақ гуманитарлық-педагогикалық бағыттағы ҚӨУ оқытушыларының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің практикалық нәтижелері республикада кеңінен қолданылуда.

Университет қызметінің жетекші бағыттарының бірі халықаралық ынтымақтастық болып табылады. Қос дипломдық бағдарламалар, академиялық ұтқырлық, халықаралық ғылыми және білім беру жобалары жүзеге асырылуда, университеттің шетелдік серіктестерінің белсенді қатысуымен ғылыми іс-шаралар өткізілуде.

Жыл сайынғы рейтингтің қорытындысы бойынша университет ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының 80% «Атамекен» ҰКП рейтингінде және көрсеткіштердің тұрақты динамикасын көрсетіп отырғанын қуана хабарлаймын. Ең маңыздысы, университетіміз аккредиттелген және барлық білім беру бағдарламалары 100% аккредиттелген. Осының барлығы Қостанай өңірлік университетінде білім алу тек іргелі білімдерді меңгеру және кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар заманауи мамандарға қойылатын әлемдік талаптарға сәйкестік екенін барынша дәлелдейді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде тек кәсіби білім алу үшін ғана емес, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына барлық жағдай жасалған.

Студенттердің мәдени, спорттық және қоғамдық өмірдегі қабілеті мен дарындылығын ашуға көп көңіл бөлінеді. Нағыз оқиғалар, тартымды жобалар, ғылыми жаңалықтар және жаңа қызықты танысулар – мұның бәрі сізді біздің университетте күтеді!

Біз сіздерді Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында, сондай-ақ осы сайтта және әлеуметтік желілердегі парақшаларда күтеміз!

Құрметпен, ректор С.Б.Куанышбаев

Өтініш қалдыру

Блог ережелерімен келісемін

Обращение может быть подвергнуто модерации согласно нормам этики и правилам правописания, и только после этого опубликовано, включая, но не ограничиваясь, следующими правками:

 

  • Из текста обращения могут быть исключены сведения оскорбительного характера, содержащие клевету, порочащие сведения, иные сведения, наносящие вред чести, достоинству и деловой репутации, либо используемые в целях диффамации.
  • Из текста обращения могут быть исключены его составные части, сведения, направленные на разжигание социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, возбуждение социальной, национальной, родовой, расовой, религиозной вражды, оскорбление национальной чести и достоинства либо религиозных чувств граждан, пропаганду или агитацию социального, расового, национального, религиозного, сословного и родового превосходства, предполагающие дискриминацию по мотивам происхождения, социального, должностного и имущественного положения, пола, расы, национальности, языка, отношения к религии, убеждений, содержащие призывы к насильственному изменению конституционного строя и нарушению территориальной целостности Республики, вызывающие угрозу безопасности, жизни, здоровью, нравственности населения.

Как правило, модерация обращения и подготовка даже промежуточного ответа на него занимает определенное время. В связи с чем, могут быть не опубликованы повторные (дублирующие) обращения, либо обращения, уточняющие причину неразмещения ранее поданных обращений или статус их текущей модерации.

 

Не принимаются претензии по срокам реагирования на обращения, требующие оперативного разрешения (вопросы срочного характера), в особенности, поступившие в нерабочее время

 

Все ваши обращения носят персональный характер, отражают субъективное мнение и отношение к проблеме конкретного человека - жителя области, поэтому в дальнейшем не допускается использование ника «гость», «аноним», «доброжелатель», «группа товарищей», «жители села» и т.д. Недопустимо использование блога как почтовой доски объявлений, обсуждения проблемы с третьими лицами, для сообщений приватного характера, адресованных другому конкретному собеседнику. В противном случае,  данные вопросы и ссылки будут удалены модератором. Информация об авторах обращений, поступающих на блог-платформу, носит строго конфиденциальный характер.

Өтініштер:

  • Эминжанов Фатхулла
    Мен кәзір 2 курс студенттімін. Серпін бағдарламасы немесе сол грант арлықы оқып жүрмін. Кәзір оқудан шығатын болсам ресми түрде , грант оқу ақысы өтелеме қайтарылама нақты айтсаныз мен шығып кеткен сон маған өтеу керек деген міндет келмейме?
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-тармағы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 11.08.2023 жылғы № 403 бұйрығы және ҚР Үкіметінің 04.07.2023 жылғы № 765 қаулысы бойынша оқу грантын өтеу тек қоныс аударушыларды орналастыруға арналған белгіленген өңірлерде жүргізілуі керек. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бұл өңірлерге мыналар жатады: Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Ақмола облысы, Абай облысы, Ұлытау облысы.
    Жас маман (немесе бітіруші) грант бойынша оқыған нақты мерзімін ғана өтеуге міндетті. Бұл мерзімді қаржы орталығы бекітілген ережеге (бұйрық және формулаға) сәйкес есептейді.
  • Саполатова Малика Арыстанбековна
    Здравствуйте, мне нужна справка подтверждение диплома. Как можно получить?
    Жауабы
    Здравствуйте! Для получения официальной справки вам необходимо отправить официальное письмо на электронную почту университета: info@ksu.edu.kz
  • Нәшір Арайлым
    Сәлеметсіз бе, менде грант ұбт 79 балл болатын. Психотест тапсырмағандықтан педке түсе алмадым, 2 семестрде биология пәні мұғалімдерін даярлау мамандығына грантқа ауыса аламын ба? Әлде қайта ент тапсыру қажет пе?
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе, Арайлым!Басқа мамандыққа грантқа ауыса алмайсыз. Ақылы түрге де Сізге ҰБТ-ға ауысатын мамандық бойынша өтінім беру қажет. Өтінім қабылдау мерзімі 10-шы желтоқсанмен 20-шы желтоқсан аралығына дейін. Егер шекті балл жинасаңыз, мамандық ауыстыруға байланысты өтінімді қысқы каникул кезінде 13.01.2026 жылға дейін деканатқа тапсыруыңыз қажет немесе жазғы демалыс кезінде 25.08.2026 жылға дейін өткізуіңізге болады (бұл жағдайда пән айырмашылығы көбірек болуы мүмкін).
  • Пернебек Қалдыкүл
    Мед колледжден кейін универге қалай түседі
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Сізге колледжден кейін екі профильдік пән бойынша ЕНТ тапсыру қажет болады, егер туыстас мамандық болса, сонынмен бірге, мамандығыңыз қажет етсе шығармашылық емтиханды да тапсыру керек. Әр пәннен кемінде 25 балл жинау керек, ал "Педагогикалық ғылымдар" саласы бойынша жалпы кемінде 35 балл болуы тиіс, оның ішінде әр пәннен кемінде 5 балл болуы қажет.
  • Саитова Русолина
    Ускоренный бакалавриат после 1 бакалавриата
    Жауабы
    Здравствуйте! Да, Вы можете поступить на ускоренное обучение (1,5 года) по смежной педагогической специальности. Однако для этого вам необходимо проверить соответствие специальностей по классификатору педагогических направлений.
  • Тимакин Александр Евгеньевич
    Хочу поступить, что для этого требуется? Имеется военный билет.
    Жауабы
    Здравствуйте! После армии Вы можете поступить в вуз на платной основе без сдачи ЕНТ в течение двух лет. Необходимый перечень документов можно посмотреть на сайте: Перечень документов для поступления. Приём документов в вузы начинается 20 июня и завершается 25 августа.
  • Бухарбаева Гулдана Жусипбековна
    Сәлеметсіздер ме! Мен 01.09.2017-25.06.2018 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 6М020500-Филология мамандығы бойынша гуманитарлық білім магистрі дәрежесін алдым (бейіндік бағыт, ECTS кредит саны 48 ). Сосын 25.08.2018 -11.01.2019 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде 6М020500-Филология мамандығы бойынша педагогикалық бейіні пәндерінің циклын меңгердім (ESTS кредит саны жазылмаған, тек педагогикалық шеберліктің негіздіреі 2.0 Педагогика 3.0 ғылымның тарихы мен философиясы 2.0 Педагогикалық практика 3.0 деп көрсетілген) Енді осы дипломға қосымша куәліктің нақты ECTS кредит саны қанша екенін жазы, справка ретінде бекітіп, почтама жіберсеңіздер. себебі бізде мектепте жалақыға магистратурада 120 кредит саны болмаса, төленбейді деп жатыр. Ал, біз бейіндік магистратураны аяқтап, қосымша ғылыми-педагогикалық бағытты жалғастырарда, бізге бұл куәлік екі жылдық магистратурамен бірдей, үстемақының барлығы қосылады делінді.
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе! Ресми анықтама алу үшін ресми хатты университеттің электронды поштасына info@ksu.edu.kz жіберуіңіз қажет.
  • Беседа Дарья Сергеевна
    Здравствуйте можно узнать сколько нужно набрать балов на бюджет на факультет экономики и психологии
    Жауабы
    Здравствуйте, Дарья. Для того чтобы участвовать в гранте по педагогическим направлениям, минимальный проходной балл составляет 75. А для непедагогических направлений, кроме юридического, минимальный проходной балл составляет 50. Минимальный балл для поступления на грант каждый год меняется в зависимости от количества поступающих и уровня баллов ЕНТ участников.
  • Жаңбыршина Жансая
    салеметсізбе мен 2022 қателеспесем бастауышқа тапсырдым енді сол оқуымды восстановить ете аламба? мен жалғастырайын деп едім төлеп документ сиздерде
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе, Жансая. Иә, оқуыңызды қайтада жалғастыруға мүмкіндігіңіз бар, ол үшін міндетті түрде факультет деканатымен хабарласып, келуге уақытты белгілей аласыз: 8 (7142) 53-04-55. Ауысу және жалғастыру тек демалыс кезінде жүзеге асырылады: Қысқы демалыс: 05.01.2026 – 16.01.2026 аралығы. Өтініш беру мерзімі: 13.01.2026 дейін. Жазғы демалыс: 08.06.2026 – 31.08.2026ж. Өтініш беру мерзімі: 25.08.2026 дейін.
  • Жамбыл Әйгерім
    Сәлеметсізбе! Мен Жамбыл Әйгерім, 2019 оқу жылының түлегі, осыған орай архивный справка керек болып жатыр жұмыс орныма. Математика мамандығым
    Жауабы
    Сәлеметсіз бе, Әйгерім! Мұрағат анықтамасын алу үшін ресми хатты info@ksu.edu.kz электронды поштасына немесе мұрағаттың келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады: 8 (7142) 51-13-68
Қабылдау комиссиясы