Журналистика және ақпарат

Читать: 1 мин

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысында оқыту сапасын арттырудың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, «Журналистика және ақпарат» саласындағы секциялық отырыста аймақтық университеттерде журналистік білім беруді модернизациялау туралы маңызды мәселелер көтерілді.

Журналистика және ақпарат

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы онлайн-конференция режимінде өткен осы тақырыптағы пікірталасқа қатысты. Кафедра меңгерушісі Алматай Жүсіпова студенттердің кәсіби білімін арттыру мақсатында кейбір пәндерді тәжірибелі журналистердің жүргізуін, студенттік практиканы ұйымдастыру және оқу бағдарламаларының мазмұнын кәсіби стандарттарға сәйкестендіру мәселелерін қарастырды.

«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Журналистика факультетіндегі әріптестерімізге пікірталастың үйлестірушісі ретінде, сондай-ақ журналистік білімнің оқу бағдарламасын жетілдіру мақсатында еліміздің университеттерін біріктіруге ұмтылғаны үшін алғыс айтамыз!»

Осындай алғыс сөздерді аймақтық университеттердің оқытушылары аталмыш конференция ұйымдастырушыларына білдірді.

Журналистика және ақпарат

Журналистика және ақпарат

КГУ