Жеңімпаздар қатарында

Читать: 1 мин

КАЗГЮУ Университеті Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың Ұлттық жоспарын іске асыру аясында жоғары оқу орындарының студенттері арасында Заң бағыты бойынша Қазақстан Республикасының конституциялық дамуына арналған эссе байқауын өткізді.

Эссе байқауы үш номинация бойынша өтті:

«Конституция - қазіргі Қазақстанның өркендеуінің негізі»;

«Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандығы»;

«Конституцияның қоғам мен мемлекетті одан әрі модернизациялаудағы рөлі».

Конкурстық комиссия үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. «Қоғам мен мемлекетті әрі қарай жаңғыртудағы Конституцияның рөлі» тақырыбындағы шығармасымен Қостанай мемлекеттік университетінің экономика және құқық институтының заңтану білім бағдарламасының бірінші курс студенті Әділ Мұсабаев ІІІ орынға ие болды.

Біз Әділді және оның жетекшісі, мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы Индира Талтанованы құттықтаймыз.

КГУ