Университет қашықтан оқытуға көшті

Читать: 3 мин

ҚР-да төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің 2020 жылғы 14 наурыздағы № 108 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті қашықтықтан оқытуға көшті, оның мақсаты білім алушылар мен педагогтардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу. 

COVID-19 туындаған тәуекелдерді ескере отырып, біздің университеттің академиялық саясатына сәйкес, біз бірқатар шаралар қолданамыз: 

Университетте білім берудің барлық деңгейлері бойынша аудиториялық сабақтар Moodle қашықтықтан білім беру порталын қолдану арқылы жүргізіледі (http://md.ksu.edu.kz/).

Әр түрлі жағдайларға байланысты жатақханада қалатын студенттер үшін талаптарға сәйкес барлық жағдайлар жасалған, байланыссыз режим орнатылған.

Жатақханалар қосымша компьютерлермен жабдықталған. Интернетке кіру нүктелері толық жұмыс режимінде.

Профессор-оқытушылар құрамы онлайн сабақтар өткізу бойынша қарқынды курс өткізді.

Вебинарлар Еtutorium платформасында кестеге сәйкес жүргізіледі. Moodle басты бетінен тікелей сілтемелер бойынша виртуалды сыныптарға кіру – сабақтың "Online" бөлімі.

Online кеңестер мен студенттермен жедел байланыс WhatsApp қолданбасында қолдау көрсетіледі.

Құрметті достар, сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыстар арқылы хабарласа аласыз: 

Қашықтықтан оқу процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру мәселелері бойынша 8-(7142)-39-06-30, 8-(7142)-51-11-20 

Moodle және Etutorium вебинарлар платформасында жұмыс істеу мәселелері бойынша 8-(7142)-51-16-44 

Қазақстандағы коронавирус бойынша тәулік бойы call-орталық : 1406 

Денсаулық сақтау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және университет басшылығының ұсынымдарын және жеке гигиенаның барлық қажетті ережелерін сақтауды сұраймыз. 

Баршаңызға денсаулық және түсіністік тілеймін! 

КГУ