Талапкерлер мен бакалавриат түлектерінің назарына!

Читать: 2 мин

Қазіргі әлемде ірі корпорациялар мен жетекші компаниялар білім беру саласынан тыс қалмайды. Олардың көпшілігі өз білімімен бөлісуге және тіпті студенттер мен болашақ қызметкерлер үшін жаңа білім беру бағдарламаларын жасауға қатысуға дайын.

Сонымен қатар, компаниялар студенттерге оқу және өнеркәсіптік тәжірибелерден өтуге мүмкіндік береді, осының арқасында студенттер кәсіби дағдыларды үйреніп қана қоймай, құнды корпоративтік тәжірибе жинайды.

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ оқу үрдісінің тренттерін ұстанады, сондықтан біздің аймақтың кадрларына деген сұранысты ескере отырып, ол жаңа мамандықтарды (білім беру бағдарламаларын) ашты.

Білім беру бағдарламалары еңбек нарығы мен болашақ экономикасының қажеттіліктерін ескере отырып, жетекші шетелдік серіктес университеттермен, соның ішінде көптілді топтарға арналған ағылшын тілін оқытуды ескере отырып жасалады.

Талапкерлер! Бұл ақпарат сізге арналған. Біз жаңа мамандықтар тізімін жариялаймыз:

Бакалавриат:

6B071 Инженерия және инженерлік іс;

6B07104 Жылу энергетикасы;

6В07105 Машина жасау.

 

Магистратура:

7М041 Бизнес және басқару;

7М04113 Адам ресурстарын басқару (ғылыми және педагогикалық бағыт);

7M04114 Тұрақты ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарының дамуы;

7М04115 Адам ресурстарын басқару (профильдік бағыт);

7М061 Ақпараттық-коммуникациалық технология;

7М06107 Математикалық инжиниринг және компьютерлік модельдеу;

7М06108 Компьютерлік лингвистика;

7М071 Инженерия және инженерлік іс;

7М07105 Көлік, көліктік техника жəне технологиялар.

 

Барлық білім беру бағдарламалары жыл сайын еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптары, кәсіби стандарттарға сәйкестігі, оқу нәтижелері, модульдер мен пәндердің мазмұны бойынша тексеріліп отырады. Модульдік білім беру бағдарламалары жұмыс берушілермен, академиялық қауымдастық өкілдерімен келісіліп, экспертизадан өтеді.

КГУ