Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: проблемалары мен шешімдері

Читать: 2 мин

Бүгін ҚМУ-де «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: проблемалары мен шешімдері» атты онлайн-конференция өтті. ZOOM платформасында өткен шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті қызметкерлері, университет басшылығы, сондай-ақ оқытушылары қатысты.

Университетте 5 мыңнан астам студент оқиды, сондықтан университет сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, оның жалпыға бірдей қабылдамау ортасын қалыптастыру, адалдықты, және азаматтардың белсенділігін насихаттау бойынша ауқымды және жүйелі жұмыстар жүргізеді.

Осыған байланысты университет 2020-2022 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын жасап, бекітті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 50 қадам» жоспарын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін жетілдіру, студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру, білім беру және ғылыми қызметке академиялық адалдық принципін енгізу, стипендия мен жәрдемақыларға үстеме төлеу, білім беру гранттарын табыстау, оқу ақысына жеңілдіктер бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылы Академиялық адалдық кодексі, 2018 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әзірленді және бекітілді, ал 2019 жылдың наурыз айында «Академиялық саясат» туралы ереже қабылданды.

2019 жылдың желтоқсанында қабылданған «Академиялық адалдық саясаты» ережесі білім беру процесінде академиялық адалдық қағидаларын, университет қоғамдастығы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді, академиялық адалдықты бұзушылықтардың түрлері мен олар жасалған жағдайда шаралар қабылдау тәртібін анықтайды.

2019 жылдың желтоқсан айында университетте Этика жөніндегі және академиялық сапа жөніндегі кеңес құрылды.

2019 жылдың 24 желтоқсанында университетте «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі құрылды, оның негізгі міндеті - жемқорлықсыз Қазақстанда өмір сүруге бағытталған патриоттық және бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыру, тәрбиелеу.

КГУ