Шетел филологиясының магистранттары диссертацияларын қорғады

Читать: 1 мин

Шетел филологиясы кафедрасында магистрлік жобалар мен диссертацияларды қорғау басталды. Бірнеше жылдан кейін мамандандырылған салада оқу қайта басталды. Магистранттар оқуды сәтті аяқтап, зерттеу нәтижелері бойынша шет тіліндегі мәтіндерді редакторлау, рефераттау, тіл білімі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайын және 702303 – Шетел филологиясы білім бағдарламасында «лингвистика магистрі» дәрежесіне лайық екендіктерін өздерінің зерттеулерінің нәтижелерімен дәлелдеді. Сонымен бірге «Шетел филологиясы» мамандығының студенттері TrueConf платформасында онлайн режимде өткен дипломдық жобаларды қорғауды аяқтады. Диплом қорғауға лингвистиканың түрлі салалары бойынша барлығы 5 жұмыс ұсынылды. Барлық түлектер мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің сұрақтарына жауап бере алды. Үш студент, Маргарита Зайцева, Балжан Асанова және Эльмира Шамшаева ерекше үлгідегі дипломға ие болады.

 

КГУ