Пандемиядан кейінгі ғылымның дамуы

Читать: 2 мин

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті «Пандемиядан кейінгі ғылымның дамуы» халықаралық StopCovid-19 онлайн-хакатонын өткізді. Оған мектеп оқушылары, университет және колледж студенттерінен құралған 11 команда қатысты. Бұл қатарда Казань, Алматы қалаларының да студент жастары бар. Олар пандемиямен күрес және коронавирустың зардаптарын жою бойынша технологиялық шешімдерді іздеуге тырысты.

Хакатон — бағдарламалық қамсыздандыруды жасақтаудың әртүрлі салаларынан (программисттер, дизайнерлер, жоба менеджерлері) жиналған мамандардың қандай да бір мәселені шешу мақсатында бірігіп жұмыс істеу үшін ұйымдастырылатын шара. Іс-шара барысында қатысушылар барлық процестерден өтеді. Мысалы идеядан бастап, іріктеу кезеңіне, прототиптерді сынау және идеяларды жүзеге асыру, мамандармен пікір алмасу мүмкіндігі.

Халықаралық онлайн-хакатонның мақсаты – адамдардың жұмысын виртуалды әлемде ұйымдастыруға, оқуға, желіні құруға, қолда бар әлеуетті анықтауға және ақпараттық ортаға Қостанай облысының студенттерін барынша қатыстыра отырып, нақты нәтижелерге қол жеткізуге жағдай жасау.

Covid-19 пандемиясы адам өміріндегі жалғыз, тіпті соңғы індет емес. Дегенмен өткен тәжірибеге сүйене отырып, болашақта індеттің таралуын азайтуға болады. Халықаралық хакатонға қатысушылар осы мәселені зерттеді. Олар келесі мәселелердің бірін шешуге мәжбүр болды: әуе тамшыларымен берілетін инфекциялардан қорғаудың жаңа техникалық шешімін әзірлеу; коронавирус туралы жалған жаңалықтарды сүзгіден өткізу (мақаланы талдауға қабілетті қызмет); вирустың таралуын болжау моделін әзірлеу және әлеуметтік қолдау қорларының мақсатты жұмсалуын бақылау платформасын жасау.

Қатысушылар мен сарапшылар бір ай ішінде таңдалған мәселені шешу туралы ойланады және 2020 жылдың 25 мамырында, әділ қазылар алқасы шешім қабылдағаннан кейін жеңімпаздар мен жүлде қоры иелерінің есімдері жарияланады. Қазылар алқасы гранттық қолдау немесе инвестицияларды тарту арқылы қаржыландыру алу үшін конкурстарға жіберілетін кем дегенде 3 стартап жобаны таңдайды.

КГУ