ҚМУ-да тағы бір PhD докторы жұмыс істейді

Читать: 2 мин

Айдар Байкин – ҚМУ-нің жас ғалымдарының бірі. Ол докторлық диссертацияны 2019 жылдың желтоқсан айында қорғады, жуырда «экономика» мамандығы бойынша философия докторы дәрежесін тағайындау туралы растау алды.

PhD докторы

Айдар Байкин А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бакалавр және магистр дәрежесімен тәмамдады, экономика кафедрасында біраз уақыт жұмыс істеді және дәл осы кезеңде ол өзінің өмірін ғылымға арнағысы келетінін түсінді, өйткені білім беру жүйесі үнемі дамуды қажет етеді. Сол үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне доктарантураға түсті. Оқуына мақсатты грант бөлген университет басшылығының қолдауының арқасында ол докторантурада ақысыз оқуға мүмкіндік алды.

Айдар Байкиннің айтуынша ол докторантурада оқып жүріп Еуразия ұлттық университетінің ғылыми мектебінің баға жетпес тәжірибесін, атап айтқанда, ғылыми жобаларға қатысу тәжірибесін қабылдады. Мысалы топ құрамында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру жобасына қатысты. «Бұл оқытушылық қызметіме және диссертация жазуға пайдалы баға жетпес тәжірибе болды»,-дейді Айдар.

Жас ғалымның ғылыми жұмысының тақырыбы – «Қазақстан Республикасы экономикасын әртараптандыру стратегиясын қалыптастыру: аймақтық аспектілер». Оның өзектілігі – Қазақстан экономикасының шикізаттық бағдардан кетуін қамтамасыз ету барысында ЖІӨ-де жоғары технологиялық өнімдер мен бағасы жоғарлаған өнімдердің үлесін ұлғайту арқылы елдің бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ету.

Біздің университет жастарды университетке тарту үшін барлық жағдайды жасайды. Егер жеке тәжірибем туралы айтатын болсам, мен магистратура мен докторантураны мемлекеттің қаржысына оқыдым. Енді ғылыми жобаларға қатысуға өтініш білдіруді және ағылшын тілін жетілдіруді жоспарлап отырмын. Жас ғалымдардың өзін-өзі жетілдіруі үшін барлық жағдай жасалған, тек уақытымызды ұтымды қолдансақ болғаны.

PhD докторы

PhD докторы

КГУ