"Менің мамандығым" фотобайқауының жеңімпаздарын марапаттау

Читать: 2 мин

"Менің мамандығым" фотобайқауының жеңімпаздарын марапаттау

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің бас ғимаратының қысқы бағында "Менің мамандығым" фотобайқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Ұйымдастырушылар – журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы.

Жеңімпаздарға Экономика және құқық Институтының директоры Әлібек Табулденов дипломдар мен сыйлықтар табыстады.  Байқауға барлығы 33 жұмыс қатысты. 7 түрлі мамандықтың қатысушылары портрет, көркем фотосурет және репортаж номинациялары бойынша бақ сынады.  Сайыс қорытындысы бойынша 2 курс студенттері – Әсел Нұрахметова ("Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы" мамандығы), Мерей Сахиев ("Юриспруденция" мамандығы), Жасұлан Жулбарисов ("Юриспруденция" мамандығы); 3 курс студенттері – Ержан Ахметов ("Агрономия" мамандығы), Алина Сейдахметова ("Журналистика" мамандығы), Әділ Көбеген ("Агрономия" мамандығы); және 4 курс студенттері – Дмитрий Калитка ("Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы"мамандығы) жеңімпаз атанды. 

"Менің мамандығым" суреттер сайысы жеңімпаздарының жұмыстарының көрмесі 1а корпусының холында ұсынылған.

КГУ