Мемлекеттік қызметте парсаттылық мəдениетін қалыптастыру

Читать: 1 мин

Бүгін Қостанай облысының ақпараттық – ағартушылық штабының мүшесі М.Ж. Байтасова және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің аға офицері - Шериева Мөлдір Талғатқызы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика жəне құқық институты заң факультетінің 2 – курс студенттерімен «Мемлекеттік қызметте парсаттылық  мəдениетін қалыптастыру» тақырыбында  вебинар ұйымдастырды. Вебинардың басты мақсаты – студенттер, жастар арасында парасаттылық, адалдық, әділдік қағидаларын қалыптастыру, олардың бойында, мінез-құлқында сатылмаушылық, сенім сияқты игі қасиеттерді дәріптеу. Вебинарға барлығы 100 студент қатысты.

КГУ