Магистранттар есеп берді

Читать: 1 мин

ҚМУ-нің Журналистика білім беру бағдарламасының магистранттары алғаш рет онлайн режимінде көктемгі семестрде жүргізілген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар туралы есеп берді. Әдетте, екінші жылы олар ғылыми жұмыстармен айналысады, зерттеу нәтижелері магистрлік диссертациялардың жеке тарауларында көрсетіледі. 

Бірінші курс магистранттары таңдалған жолдың – ғылыми және педагогикалық магистратурада білім алудың жауапкершілігін енді ғана сезінетін болады.

Магистратураның мамандандырылған бөлімінде оқитын «Алау» теле-радио каналының тілшісі Наталья Басмурзина қызмет істеп жүрген журналистердің оқу мен жұмысты бірге алып жүре алатындықтарын дәлелдеді. Оның эксперементалдық тәжірибесі күнделікті теледидар тілшісі ретінде не істеу керектігіне тікелей байланысты болды. Ол кәсіби журналист бола жүріп ғылыми-тәжірибелік жобаға қалай материал жинағаны туралы әңгімеледі.

КГУ