Ұлттық біріңғай тестілеу

Читать: 1 мин

Бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеудің Қостанай қаласындағы алғашқы күні. Ол А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында өтті. ҰБТ-ның бірінші күнінде облыс бойынша барлығы 1867 талапкер тест тапсырды. Ережеге сәйкес, қатысушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында тестілеу 7 ағынмен ұйымдастырылып, 2 шілдеге дейін жалғасады. Бүгін емтиханды тек 309 адам тапсырады.

Тапсыру пункті талапкерлерді қабылдауға толығымен дайын:

- мемлекеттік комиссияның, құқық қорғау органдарының, жедел топтардың және медициналық көмектің жұмыстары, кезекшіліктер ұйымдастырылды;

- дезинфекциялық туннель, санитарлық тазартқыштар, залалсыздандыру құралдары, маскалар және қолғаптар дайындалған;

- дәрісханаларда бактерицидтік заттар мен ауа рециркуляторлары орнатылды.

Барлық қатысушылар санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес залалсыздандырудың 5 кезеңінен өтеді: дезинфекциялау туннелінен өту, арнайы дезинфекциялық кілеммен аяқ киімді өңдеу, температураны өлшеу, қолды арнайы залалсыздандыру өнімімен тазарту және медициналық маскалардың болуы.

Тест тапсырушы түлектерді кіргізгенде, отырғызғанда кем дегенде 2 метр қашықтық сақталады.

Ата-аналардың, мұғалімдердің және басқа да тараптардың университет алаңына өтуіне рұқсат етілмегендіктен, тесттің барысын ent-online.kz сайтында байқауға болады.

Талапкерлерге сәттілік тілейміз!

КГУ