Филологтардың еңбек нарығындағы рөлі

Читать: 1 мин

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен жұмыс берушілермен «Филологтардың еңбек нарығындағы рөлі» атты онлайн кездесу өтті. Кездесуге 6В02301 (5В020500) Филология, 7М02301 (6М020500) Филология мамандықтарының жұмыс берушілері ретінде «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының маманы Айнұр Нұрбекова, Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқытушысы Салтанат Оразғалиева, «Наш Костанай» газетінің бас редакторы Сералы Мырзабай, кафедра оқытушылары және жоғары курс студенттері қатысты. 

Кездесуде филологтардың еңбек нарығындағы рөлі, оларға деген сұраныс, филолог маманның әрқашан бәсекеге қабілетті болуы үшін үнемі ізденіс үстінде болып, білімі мен кәсіби құзыреттілігін заманауи талаптарға сай жетілдіріп отыруы керек екендігі және т.б. мәселелер талқыланды.

Жұмыс берушілер мамандар даярлауда заманауи филологтарға қойылатын талаптары мен ұсыныстарын айтты. Сонымен бірге жұмыс берушілер бәсекеге қабілетті маманды лайықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін өз ресурстарын үздіксіз әлеуеттендіріп отыратындықтарын жеткізді.

Кездесуде кафедра оқытушылары да филология мамандығының еңбек нарығындағы қажеттілігінің жоғары екендігін, оған дәлел ретінде шәкірттерінің көптеген салаларда жемісті еңбек етіп жүргендіктерін алға тартты.

Кездесуге қатысқан жоғары курс студенттері ұстаздарының қажырлы еңбектері мен өздерінің ынта-жігерлерінің нәтижесінде бәсекеге қабілетті болашақ филолог екендіктеріне сенім білдірді.

 

КГУ