Дипломдық жұмыстарды онлайн нұсқада қорғау

Читать: 1 мин

Қашықтан оқыту технологиялары оқу процесіне мықтап кірді. Осы аптада кешенді емтихандарды тапсыру, диплдомдық жұмыстарды және магистрлік диссертацияларды қорғауды қамтитын бітіру курстарына арналған қорытынды аттестаттау басталды.

Бұл университет оқытушылары үшін жаңа тәжірибе, оның жетістігі ішкі факторларға да байланысты – оқытушылар құрамы мен студенттердің дайындығы, әдістемелік қамтамасыз ету және сыртқы интернетке қосылу сапасы, қажетті жабдықтардың, микрофондар мен камералардың болуы.

Ықтимал қауіптердің алдын алу үшін студенттерге өткен аптада кешенді емтиханды тапсыруға мүмкіндік берілді, оның барысында байланыс пен суреттің тұрақтылығы мен сапасын тексерді. Дипломдық жұмыс пен диссертацияларды қорғау онлайн режимінде де жүзеге асырылады.

Бұл апта аграрлы-техникалық институтта 6В07102-Электроэнергетика, 6В07103-Технологиялық машиналар мен жабдықтар, 5В120200-Ветеринарлық санитария мамандықтарының 4 және 5 курс студенттерінің дипломдық диссертациялары алғашқы рет ZOOM платформасында қашықтықтан қорғау режимінде басталды. Комиссия құрамына тек АТИ кафедрасының профессор-оқытушылары ғана емес, сонымен қатар Қостанай мен Нұрсұлтан қаласының ЖОО-ы мен мемлекеттік мекеме басшылары кірді. Әр қорғалған жұмыстан кейін аттестаттық комиссия мүшелері сұрақтар қойды. Дипломдық жұмыстарды қорғау техникалық ақауларсыз өтті.

Барлық түлектерге мемлекеттік емтихандарды сәтті тапсырып, жобаларын оңай қорғауларын тілейміз.

 

КГУ