Диплом қорғау жұмыстары жалғасуда

Читать: 1 мин

Бітіруші курстар үшін кешенді мемлекеттік емтихандарды тапсыру, диплом мен магистрлік диссертацияларды қорғау жалғасуда.

Ықтимал қауіптердің алдын алу мақсатында студенттерге кешенді емтиханды алдын-ала тапсырып көруге мүмкіндік берілді, оның барысында байланыс пен сурет тұрақтылығы мен сапасы сыналды. Диплом мен магистерлік диссертацияларды қорғау онлайн форматта өтіп жатыр.

Бүгін алғашқылардың бірі болып дипломдық жұмыстарын ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан қорғаған Аграрлық-техникалық институтының ветеринарлық медицина мамандығының студенттері.

Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының құрамына тек АТИ кафедраларының оқытушылары ғана емес, сонымен қатар облыстың ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшылары да кіреді. Мысалы, «Агрономия» мамандығы бойынша Мемлекеттік аттестациялау комиссиясын «Ақ Бидай Агро» ЖШС-нің атқарушы директоры, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Дүйсембай Сейітқазинов басқарады. Ал «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша Мемлекеттік сертификаттау комиссиясының төрағасы ретінде ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «ZOO-диагностика» ЖШС-нің басшысы Юрий Шагияхметов тағайындалған болатын.

Әр дипломдық қорғаудан кейін комиссия мүшелері түлектерге сұрақтар қойды. Студенттеріміз сыннан мүдірмей өтті. Дипломдық жұмысты қорғау техникалық ақауларсыз өтті. Қалған түлектерге де сәттілік тілейміз!

КГУ