Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Читать: 1 мин

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аграрлық-техникалық институты 5В080100-Агрономия, 5В082800-Өңдеу өндірісінің технологиясы, 5В082700-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы, 5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандықтары бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Университет бітіруші түлектер үшін жәрмеңке өткізу дәстүрге айналды. Биыл ол «ZOOM» алаңында өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары - Университеттің Мансап және жұмыспен қамту орталығы, сонымен қатар агрономия және өңдеу технологиясы және сертификаттау кафедралары. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне агрономия кафедрасының меңгерушісі В.М.Карасева, өңдеуші өнеркәсіп технологиялары және стандарттау кафедрасының меңгерушісі Г.Б.Юнусова, осы мамандықтардың биылғы түлектері қатысты.

Жұмыс берушілерден «Заречное» ауылшаруашылық эксперименттік станциясы » ЖШС-нің ғылыми хатшысы, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты С.Түлкібаева, «Дархан Дала» агрохимиялық компаниясы ғылыми-зерттеу орталығының Қостанай филиалының директоры, сонымен қатар «Агрохолдинг» астық индустриясының кадрлар бөлімінің маманы қатысты.

Оқу орнын бітірушілерге арналған бос орындар жәрмеңкесі - бұл кәсіпорындардың қызметімен, жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жағдайларымен және жұмыс перспективаларымен танысуға жақсы мүмкіндік.

КГУ