«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Читать: 1 мин

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бұл 27 жыл бұрын еліміздің басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау мақсатында бастамашылық жасаған Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бірегей жобасы.

Осы уақыт ішінде 13 мыңнан астам жас қазақстандық шетелде білім алды, оның ішінде 10 747 маман түрлі қызмет салаларында даярланды. Бүгін біз олардың мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды позицияларға ие екенін көріп отырмыз. Бұл біздің жерлестеріміз Данат Жұмин, ҚР премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары, Ұлттық экономика министрлігінің HR-қызметінің жетекшісі Әсел Бірназарова, ІТ-агенттігінің басшысы Қанат Ибраев және т.б.

Бағдарламаға Қостанай облысының 66 тумасы қатысты, бұл біздің облыстың төмен белсенділігін көрсетеді. Осыған орай, бүгін біз «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен бірлесіп «Болашақ» бағдарламасын іске асырудағы өзгерістердің онлайн көрсетілімін өткіздік.

Орталық Президенті А. Б. Карбозованың берген ақпараты А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ қызметкерлерінің қызығушылығын тудырды. Магистрлік және докторлық бағдарламаларға түсу үшін, сондай-ақ серіктес-университеттерде тағылымдамадан өту үшін топтар қалыптасуда.

Өңірлік университеттің мәртебесі бізді академиялық мазмұн мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары құзіреттілігін талап етеді, осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасы біз үшін ерекше маңызды.

КГУ