Білім беру жүйесіндегі өзгерістер

Читать: 2 мин

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Смарт-орталығында білім беру жүйесінің негізгі бағыттарын талқылау мақсатында брифинг өтті. Университет ректоры Алма Іргебайқызы білім беру жүйесінің барлық деңгейлері бойынша жетістіктер мен даму перспективалары туралы, сондай-ақ оқу орнында белең алып жатқан жаңалықтармен бөлісті. Сонымен қатар, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мен Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-тін біріктіру жөніндегі мәселе талқыланды. Біріктіру мен қайта құру нәтижесінде жоғарғы оқу орнының атауы «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ (коммерциялық емес акционерлік қоғамы) болып өзгертілмек. Білім беру жүйесін қайта құрудың басты мақсаты – Назарбаев университетіне сай келетін мықты аймақтық оқу орнын даярлау. Бүгінде 4500 студенті бар ҚМУ келер жылдан бастап 10 000-ға жуық түлекті қабылдауға дайын. Ол үшін арнайы жатақхана да салынатынын Алма Іргебайқызы тілге тиек етті. Екі бірдей оқу орынын біріктіру арқылы университет 3 институт, яғни аграрлы-техникалық, экономика, құқық және педагогикалық институт болып бөлінбек.  

Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бағыттары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында инновациялар жөніндегі проректор Арман Оразалыұлы, әлеуметтік және шаруашылық жұмыс жөніндегі проректор Нұрлан Бекентайұлы, ғылыми жұмыс және интернационализациялау жөніндегі проректор Ғалия Сүйіндікқызы және аграрлы-техникалық институттың директоры Азамат Жақсыбекұлы мәлім етті. Сондай-ақ, Алма Іргебайқызы брифинге қатысқан барлық журналистер мен студенттердің сұрақтарына толық қанды жауап берді.

Дощанова Алма Иргибаевна

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер

КГУ