Белгілі журналист Махаббат Есенмен кездесу

Читать: 1 мин

Махаббат Есен

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы өзінің түлектерімен кездесулер өткізіп тұрады. Осындай кездесулердің біріне белгілі журналист, Медиа дамыту қорының жетекшісінің орынбасары Махаббат Есен келді.

Махаббат  Қазақстандағы белді медиа мамандардың бірі. Медиа-білімге көп көңіл бөледіӨзін журналистиканың әр саласында сынап көрді. Ол көпшілікке радио жүргізушісі, Kazakhstan Kids Fashion шоу бағдарламасын жасаушы немесе «Friends» журналының бас редакторы ретінде танымал. Қазіргі уақытта Махаббат – Медиа дамыту қорының жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры. Ол А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің мақтан тұтатын, кәсіби саладағы жетістіктеріне қуанатын түлектерінің бірі.

Махаббат студенттермен кездесу барысында өзінің кәсіби қалыптасу жолы туралы әңгімелеп берді. Болашақ журналистер екі сағат бойы оның студенттік өмірі мен алғашқы журналистік тәжірибесіндегі естеліктерін және журналистиканы, халықаралық қатынастарды, актерлік шеберлікті, сонымен бірге коммуникатор, менеджер дағдыларын меңгеруге үйреткен, бағыт-бағдар берген оқытушылары жайлы мұқият тыңдады. Ізденімпаз сұлдың білімге, жаңашылдыққа құмарлығы оны биіктерге көтерді, білікті маман, тұлға ретінде қалыптасуына негіз болды.

КГУ