«БАЙТҰРСЫНОВ ОҚУЛАРЫ» ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТТІ

Читать: 1 мин

10 жылдан астам уақыт бойы «Байтұрсынов оқулары» жыл сайын өткізілетін іс-шара ғана емес, жақсы дәстүрге айналды.

Сондықтан, пандемия жағдайында да, біз одан бас тартпадық және онлайн форматта А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ғылыми қауымдастық жинады. «Ұлы дала тұлғаларының ілімі және қазақстандық қоғамды модернизациялаудың жаңа мүмкіндіктері: жаһандану аясындағы білім, ғылым және руханият» тақырыбындағы Байтұрсынов оқулары-2020 ғылыми конференциясында ақпараттық пленарлық отырыс, 3 панельдік сессия, ғылым мен білім берудің өзекті мәселелері бойынша 7 секция өткізілді.

Біз жыл сайын қатысушылар тобын кеңейтеміз. Ғылыми зерттеулердің өте қызықты нәтижелерін ұсынған, халықаралық серіктестерімізге - Чехия, Италия, Кипр, Түркия, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей ғалымдарына ерекше алғысымызды білдіреміз. Пікірталас барысында серіктестік пен бірлескен жобаларды іске асыруға деген қызығушылық жоғары болды.

КГУ