Қазіргі заманғы биология әдістемесі, теориясы мен тәжірибесі

Читать: 1 мин

Қазіргі заманғы биология әдістемесі, теориясы мен тәжірибесі

13 наурыз күні Аграрлық-техникалық институттың биология және экология кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер мен жас ғалымдардың «Қазіргі заманғы биология әдістемесі, теориясы мен тәжірибесі» атты V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты – елдердің, аймақтардың, ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу топтарының, сондай-ақ жеке зерттеушілердің өзара зияткерлік баюына ықпал ету.

Іс-шара барысында 6 секция жұмыс жасады. Онда жануартанудың, өсімдіктану және өсімдіктер физиологиясының өзекті мәселелері; анатомия және адам мен жануарлар физиологиясының кейбір сұрақтары; молекулалық биология және генетиканың даму келешектері мен негізгі ойлары; адамның қоршаған ортамен арақатынасы, қазіргі кезеңдегі биологияны оқыту әдістемесі мәселелері сөз болды.

Конференцияға қатысуға 130-дан астам Қазақстанның және алыс-жақын шет елдердің жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының студенттері мен жас ғалымдары өтініш білдірді. Олардың көбі онлайн режимде қатысты.

Қазіргі заманғы биология әдістемесі, теориясы мен тәжірибесі

Қазіргі заманғы биология әдістемесі, теориясы мен тәжірибесі

Қазіргі заманғы биология әдістемесі, теориясы мен тәжірибесі

КГУ