Қазақтың ұлы ақыны

Читать: 2 мин

Биыл қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Айтулы күнге орай А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де «Абай» спектаклі көрсетілді.  

- Ұлы ақынның ойлары бүгін де өзекті және болашақта маңыздылығын жоғалтпайды,-дейді «Шаңырақ» жастар театрының қоюшы-режиссері, меценаттар сыйлығының иегері Айсәуле Есенбекова. 

Спектакльге қатысқан барлық актерлар – оқу ордамыздың студенттері мен магистранттары. Абайдың рөлін 2 курс студенті Жәнібек Сұлтанбек сомдады. Ажардың рөлі бірінші курс студенті Қарлығаш Сапарбекке бұйырдыҚойылым әсерлі шықты. Студенттер кәсіби актер болмаса да кейіпкерлерінің образын шынайы жеткізе алды. Бұған қойылымның соңында орнынан тұрып қошемет көрсеткен көрермендердің ыстық ықыласы куә. Спектакльді тамашалауға келген университет қонақтары да студенттердің шынайы ойындарын жоғары бағалады.  

Университет жыл бойы Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған түрлі шаралар өткізетін болады. Тақырыптық кітап көрмелерін, студенттік конференциялар мен пікірсайыс турнирлерін, спорттық жарыстар өткізу жоспарда бар. Бұл шаралар жастардың білім деңгейін көтеругерухани байытуға, адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған.

Қазақтың ұлы ақыны

Қазақтың ұлы ақыны

Қазақтың ұлы ақыны

Қазақтың ұлы ақыны

Қазақтың ұлы ақыны

КГУ