Қазақстанның жоғарғы оқу орындары ҚМУ тәжірибесін қолданады

Читать: 1 мин

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дауленов пен Қазақстанның жоғары оқу орындарының ректорларының онлайн кездесуінде қашықтықтан оқыту форматында оқу процесін ұйымдастыру мәселесі талқыланды. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті «Цифрлық офицерлер мен еріктілер» жобасын жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Бұл идея университетте қашықтықтан оқыту технологиясының тиімділігі мен сапасын жоғарылату үшін одан да көп оқытушыларды даярлау қажеттілігі туындаған кезде пайда болды.

Бұл жобаның мәні – мұғалімдер мен студенттерді, оның ішінде шалғайдағы ауылдық округтердің студент жастарын Moodle, Etutorium, BigBlue Buttom жүйелерінде «тең-теңімен» негізінде жұмыс істеуге үйрету. Цифрлық офицерлер – бұл Moodle жүйесінде еркін жұмыс істей алатын, арнайы оқу курсынан өткен және кейін басқа оқытушылар мен студенттерді қашықтықтан оқыту бағдарламаларына үйрететін оқытушылар. Ерікті студенттер де дәл солай, өзге студенттерді үйретеді.

Цифрлық еріктілер мен офицерлердің басты мақсаты – қашықтықтан оқыту форматына көшу кезінде студенттер мен оқытушыларға жан-жақты кәсіби көмек көрсету. Осылайша, цифрлық офицерлердің 3 тобы ерекшеленді - бұл қысқа уақыт ішінде 52 мұғалімді оқытып шығарған тренерлер, білім беру мазмұны бойынша ревизорлар және онлайн-әрекеттестік ұйымдастырушылары. Осының арқасында вебинаристер саны 157-ден 209 адамға дейін көбейді, қашықтан оқытуға ауысқаннан бері 3114 вебинарлар тіркеліп, ашылды.

Қостанай мемлекеттік университетінің бұл саладағы тәжірибесі Білім және ғылым министрлігінде қызығушылық тудырды. Осылайша ҚМУ-нің тәжірибесі Қазақстанның өзге де жоғарғы оқу орындарында қолданылатын болады.

 

КГУ