Абайдың рухани мұрасы

Читать: 2 мин

Абайдың рухани мұрасы

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Абайдың рухани мұрасы» атты аймақтық студенттер арасындағы мүшайра сайысы өтті. Сайысты өткізуге Қазақстан Халқы Ассамблеясының облыстық аналар кеңесі көмектесті. Аталған шараның мақсаты – жастарды Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларындағы өзекті ойды дәріптеу, студенттерді Абай Құнанбайұлының шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.

Жыр мүшайрасы үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде сайыскерлер Абайдың бір өлеңін таңдап алып, оны нақышына келтіріп оқыды. Екінші кезеңде М.Әуезовтың «Абай жолы» романы бойынша 3 сұраққа жауап берді. Ал үшінші кезеңде Абай афоризмдерінің мәнін ашу керек болды.

Жыр додасына барлығы 16 студент қатысты. Олардың көбі сайысқа жақсы дайындықпен келіпті. Дегенмен жарыс болғаннан кейін жеңімпаздар да болуы шарт. Әділ қазылардың шешімімен оза шапқандар есімі анықталды. Жүлделі 1-ші орынды психология мамандығының бірінші курс студенті Қарлығаш Сапарбек жеңіп алды. 2-ші орынға қазақ филологиясының үшінші курс студенті Ерназар Есенгелді лайық деп танылды. 3-ші орынды агрономия мамандығының 2 курс студенті Аружан Қуаныш місе тұтты. Жеңімпаздар мен қатысушылар ҚМУ ректоры атынан және Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық аналар кеңесі атынан мадақтау қағаздарымен, сертификаттармен және түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Абайдың рухани мұрасы

Абайдың рухани мұрасы

Абайдың рухани мұрасы

Абайдың рухани мұрасы

КГУ