DIREKT жобасының нәтижелері
05.03.2017 ж. – 09.03.2017 ж. аралығында Петрозавод мемлекеттік университетінде (әрі қарай - ПМУ) ЕО-тың ЭРАЗМУС+ бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан «Білімді үнемдеу және өмір бойы білім алу мақсатында трансаймақтық ақпараттық сауаттылықты дамыту (DIREKT)» жобасы бойынша алғашқыт координациялық кездесу өтті. Кездесу ұйымдастырушылық түрде өткен еді.
Аталған іс-шараға серіктес-елдерден барлық қатысушылар атсалысты: Дрезден техникалық университеті, Нитрдағы Кент Философ атындағы университет (Словакия) және де ақпараттық сауаттылық аумағында компетенцияға ие НКО-лар, мысалы, The Pyramid Group (Германия), НЭЙКОН коммерциялық серіктестігі (Мәскеу), Пекин технология институты, Солтүстік-Баты политехникалық университеті және Нанкин ғылыми және технология университеті. Ресей тарапынан қатысушылар Петрозавод мемлекеттік университеті, Огарев атындағы Мордов мемлекеттік ұлттық-зерттеу университеті, Э.Кант атындағы Балтық федералды университеті, Қиыр-Шығыс федералды университеті болса, Қазақстан атынан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қатысқан.
Кездесу барысында қатысушылар өз университеттерін таныстырып, жобадағы әрбір серіктес университеттің рөлін көрсетуге мүмкіндік алды, жобаның басшысы Джеральд Кован және үйлестіруші Падраиг Кирбитпен (Лимерик технология университетінен) және грантұстаушы университетпен (Лимерик қ., Ирландия) танысты. Олар жобаның мақсат,міндеттеріен таныстырып, жобаның стратегиялары мен миссияларына нақты тоқталды, жобадан күтетін нәтижені белгілеп, әрбір серіктес мемлекеттен мемлекеттік үйлестірушіні анықтады.
Кездесуді 8-9 наурызда әр қатысушы-мемлекеттің мемлекеттік үйлестірушісінің қатысуымен құралатын кеңесте жалғастыра отырып, белгіленген сұрақтар мен міндеттерді талқылауға, жобаның нақты кезеңдерінің жүзеге асырылуына жауапты тұлғалар мен уақытын белгілеуге және жобаның маңызды бөліктерін қарастыруға т.б. шешім қабылданды.
Осылайша, кездесу мен кеңес нәтижесінде жоба қатысушылары келесі ақпараттарды кездесуден кейінгі 2 апта ішінде ұсынуға шешім қабылдады:
- Жобаның жүзеге асырылу уақытындағы барлық қатысушылардің тізімі (толық аты-жөні, ЖОО-дағы қызметі, ағылшын тілін меңгеру деңгейі, байланыс ақпараты).
- Жобаны басқарушы комитет тізімі. Академиялық және қаржылық мәселелерге қатысты жобаны басқарушы комитет құру үшін әр ЕО/СМ-тан 2 адамнан.
- ЕО/СМ әрбір университеттен DIREKT жобасы аясында әлеуметтік желіге жауаптылардың тізімі.
Одан бөлек, қатысушылар Лимерикке нақты шешім қабылдауға жіберілген серіктес-ЖОО-ның деректеріне қатысты толтырылған анкета мен өз логотиптерінің үлгілерін көрсетті.
Кеңес нәтижесінде жобаны жүзеге асыру бойынша алдағы іс-әрекеттердің жоспары келісіліп, оның әрі қарай дамуына кеңестер айтылып, жобаланды. Жоба шеңберінде әр серіктес-ЖОО-ның қатысушысы студенттер мен оқытушыладың ақпараттық сауаттылыығ мен академиялық хат жасау қабілетін арттыруға бағытталған оқу модульдерімен курукулум дайындауы қажет. Сонымен қоса, аталған модульдер білім алушыға ақпаратты дұрыс іздеп, қайта жасап, таратуға және сақтауға көмектеседі. Осылайшы, оларды, адамдарға кәсіби өмірінде де, жеке өсірінде де қажет болатын заманауй технологиялардың цифрлық әлеміндегі коммуникациялық және ақпараттық дамуға дайындайды.
Жобаларды жүзеге асыру алаңдары университеттің ғылыми кітапханалары болмақ. Олар жаңа технологиялар есебінен іске асатын және үдемелі білім идеологиясын жүзеге асыруға көмектесетін білімді жинақтап, сақтап, өзгеге беру жолында бай тәжірибеге ие.
2018 жылдың 22-25 мамыр аралығында А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінде бірқатар жобалау кездесулер өтті. Серіктестер жоба шеңберінде әзірлейтін оқу модульдерін енгізуін талдау қорытындыларын ұсынған. Сонымен бірге, жобаның координаторға жергілікті кітапханалармен бірге өткізген ақпараттық сауаттылық күндердің қорытындыларын көрсеткен.
Жақын арада модульдер енгізуінің талдау және ақпараттық күндерін өткізуді жоспарлап қоятын университеттер-серіктестер тексеруге дайындау үдеріс және жоғарыда көрсетілген іс-шараларын өткізу туралы есеп берген.
Сонымен қатар, ақпараттық сауаттылық бойынша онлайн-модульді әзірлеу туралы мәселелер және келесі жобалау кездесуіне дайындау туралы мәселелерді талқылады. Осы жобалау кездесуінің өткізілуі осы жылдың маусым айының басында Германияның Дрезден қаласында жоспарланады.
Соңдай-ақ, Қостанай мемлекеттік университеттің өкілдері NEICON «Қазіргі заманғы зерттеулерде және білім беруде электрондық ресурстар мен ғылыми өлшемдік құралдарын тиімді пайдалану стратегиялары» деген конференция аясында өткен бірқатар оқу семинарларға қатысқан.
2018 жылдың 21-25 қазан аралығында Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде DirektErasmus + «DIREKTҮздіксіз білім алу және білім беру экономикасы үшін трансаймақтықақпараттық сауаттылығын дамытуы» жобасы бойынша жұмыс тобының кездесуіөтті. Бұл кездесуге А. Байтұрсынова атындағы ҚМУ-ның өкілдері қатысты: шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушылары Шандецкая Ю.Н. және Назаренко О.С., сондай-ақ кітапхана қызметкерлері Ержанова Ж.С. және Жолдыбаева Д.А.
Кездесудің негізгі мақсаты «Академиялық жазу және ақпараттық сауаттылық» Модулін 7 жетілдіру және «Кәсіби мақсаттар үшін шетел тілі» жаңа Модулін 8 дайындау және енгізу бойынша тренингке қатысу болды. Тренингті жоба жетекшілері мен үйлестірушілері Лимерик технологиялық институтының, Дрезден техникалық университетінің, «The Pyramid Group» үкіметтік емес ұйымының (Германия) қызметкерлері жүргізді. Тренингтің қатысушылары модульдердің мақсаттары мен міндеттерінің әдістемелік негізін және сипаттамасын талқылады және болашақ енгізуіне арналған материалдар мен әзірлемелерді қабылдады. Сонымен бірге серіктес елдердің арасындағы әр университетінің өкілдері жобада атқарылған жұмыс туралы есеп берді.
А. Байтұрсынова атындағы ҚМУ-ның қызметкерлері 2018 жылдың 2-4 қазан аралығында Ұлттық ақпараттық сауаттылық күндерін өткізу туралы айтып берді. С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университет және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің серіктестерімен бірге үш университеттің жобада атқарылған жұмыс туралы видеофильм түсірілді. Қорытындысында келесі жылда жоба бойынша алдағы жұмыс және жұмыс тобының кездесу кестесі туралы талқыланды.
27 мамырдан 31 мамырға дейін С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ базасында Нұр-Сұлтан қаласында Erasmus+ Direkt жобасы бойынша жұмыс тобыныңкездесуі өтті. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дан шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушылары Шандецкая Ю.Н. және Назаренко О.С. барды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жоба бойынша орындалатын жұмыстар туралы есеп беру және оқу бағдарламаларына жобалық модульдерді енгізу жоспарларын талқылау. Шандецкая Ю.Н. және Назаренко О.С. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің жобалық жұмыс тобының қызметі туралы егжей-тегжейлі есеп берді. Олар фильм-презентацияны жасады. Университеттің қызметі Ирландияның серіктестері мен жоба үйлестірушілері тарапынан жоғары бағаланды.
Сондай-ақ, кездесуде Ақпараттық сауаттылық туралы хабардарлықтың ұлттық күндерінің мәселелері талқыланды. Әріптес елдер - Ресей мен Қытай - 2019 жылы өткізілген Ақпараттық сауаттылық туралы хабардарлықтың ұлттық күндері туралы есеп берді. Кездесу соңында қонақтар Назарбаев Университетінің кітапханасында болды, онда кітапханалық ғылым мен ақпараттық сауаттылықты дамытудың жаңа үрдістері ұсынылды.
2019 жылғы 2-4 қазан аралығында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында ERASMUS+ бағдарламасының DIREKT жобасының нәтижелерін таратуға бағытталған ақпараттық сауаттылық туралы хабардар етудің ұлттық күндері шеңберінде іс-шаралар өтті.
Іс-шараның бірінші күні, 2 қазан күні, университеттің электрондық ақпараттық ресурстарын пайдалануда құзыреттілік деңгейін арттыруға және ғылыми жұмыстарды дайындау дағдыларын дамытуға бағытталған ҚМУ ПОҚ арналған тренингтер мен семинарларға арналды. Сонымен қатар "студенттің ақпараттық мәдениеті"көрмесі өтті.
Екінші күн, 3 қазан күні Облыстық кітапхана қызметкерлерінің және Дрезден технологиялық университетінің халықаралық жобалардың үйлестірушісі - Gerard Cullen арнайы қонақтың қатысуымен дөңгелек үстелден басталды. Іс-шара соңында студенттерге арналған іс-шаралар мен сайыстардың ашылу рәсімі өткізілді: библиоквест, интеллектуалды викторина және дебаттар.
Қорытынды бөлімде 4 қазан күні English for Professional Purposes семинар-тренингі өткізілді. Тренингті Дрезден технологиялық университетінің Халықаралық жобалар үйлестірушісі - Gerard Cullen жүргізді.