Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

"Ахмет Ұрпақтары" пікірсайыс клубы

Парламенттік пікір-сайыс - барлық әлемде таралған студенттік зияткерлік ойын. Еуропа, Азия, Америка елдерінде танымал бұл ойын, сыни көзғарастың дамуы, қоғамалында сөз сөйлеу, өз сөздерін дәлелдей білуге үйрете отыра, студенттерді сапалы аргументтер арқылы ойын анық жеткізуге бейімдейді.

 

 

Пікір-сайысшылар шапшаң ойлау мен есте сақталған мәліметтерді тез арада пайдала алуға үйренеді. Ойын адамның жан-жақтылығын дамытып, әртүрлі салада білім алуына септігін тигізеді. 

 

 

Бұқабаев Әнуар Омарұлы, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің маманы:

 

 Пікір –сайыс турнирлары біз үшін, зияткер жастардың қоры. Міндетті түрде көптеген жақсы, жаңа, тың ойлармен танысасыз. Бірақ мұнда сіз алатын дағдылардан басқа сіз кейінірек өмірде сенімді серіктес бола алатын жаңа достарыңызды таба аласыз. Сондықтан, пікірсайыс – деген, өзіңізге ғажап әрі жаңа әлемді ашуыңызға асығыңыз.

 

ПІКІР- САЙЫС ҚАҒИДАЛАРЫ

 

 

Бірінші қағида: пікір-сайыс көп нәрсеге үйретеді.

 

Пікір-сайыстың құрылымы- саған білім, біліктілік алуға негізделеген. Бұның бәрі қазіргі демократиялық қоғамда алда болу үшін керек. Осы қағидаға сәйкес, пікір-сайыстың бірінші мақсаты - оқыту. Басқа сөзбен айтқанда, оқу жеңіске қарағанда маңыздырақ.

 

 

Екінші қағида: әділеттілік

 

Егерде білім алу мен өзін-өзі дамыту жеңіске қарағанда маңызды болса, онда аргументерді жалған қылуға себеп те жоқ. Әділдік - пікір-сайыстың негізі. Пікір-сайыс шының міндеті аргумент келтіруде, дәлел тастауда, сұраққа жауап беруде әділ болу.

 

Үшінші қағида: сыйластық

 

Пікір-сайыста ойыншының жеке басы қозғалмайды. Ойыншыны көзқарасына қарай кемсітуге болмайды. Пікір-сайыс ой мен олардың тоғысу нүктелерін қарастырады. Қарсы ойға жауап беріп, аргументтеу негізгі қару болуы тиіс.

 

Оқу ордамыздың білімді, белсенді жастары  «Ахмет ұрпақтары» дебат клубының астына біріккен. Аталмыш клуб тек қана облысымызда емес, сонымен қоса республикалық деңгейде танымал.

 



Бұның дәлелі Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректорының кубогына арналған халықаралық турнирінің қатарынан 13 мәрте өтуі. Ойындарда 60-тан астам командалар, Қазақстан мен Ресейдің 12 аймағынан келіп, 30 жоғарғы оқу орындарының намысын қорғады.

 

 

 

 

Клубымыздың мүшелері бірнеше дүркін пікір-сайыс турнирлерінің жеңімпаздары:

 

● Британдық-парламенттік форматында өткен Халықаралық пікір-сайыс турнирінде 1 орын (Барнаул, РФ, 2008 ж.);

● Парламенттік формат бойынша Қазақстанның Ұлттық чемпионатында 1 орын. (Астана, 2009 ж.);

● ХДП «Нұр Отан» кубогына арналған Республикалық турнирде 1 орын. (Кокшетау, 2012 ж.);

● «Небо кочевника» халықаралық пікірсайыс турнирінде 2 орын иегері (Астана, 2016 ж.);

● Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер мен студенттер арасында «Адалдық және құқық үстемдігі - табысты ұлттың кілті» атты пікірсайыс турнирінің жеңімпазы (Астана, 2018 ж.);

● "Zhalyn Cup III" "Тариxи тылсым туған жер" атты республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпазы (Ақтөбе, 2019 ж.);

● "Grand Family Cup" Республикалық пікірсайыс турнирінде 1 орын (Көкшетау, 2019 ж.);

● Қалалық және облыстық деңгейдегі көптеген ойындардың жеңімпаздары.

 

«Ахмет ұрпақтары» пікір-сайыс клубы – бұл қызықты да, белсенді, жастардың қауымдастығы. Пікір-сайыстың арқасында жиналған білім мен біліктілік болашақта студентердің атақты, жемісті азамат болуларына көп үлес қосады.

 

 

Егерде сіз студенттік өмірге белсене атсалысқыңыз келсе, сонымен қоса психологиялық, адамды дамытатын көптеген жаттығуларды меңгергіңіз келсе, онда

«Ахмет ұрпақтары» пікір-сайыс клубы – сіздің кәсіби еңбек жолыңыздың дамуының, қызықты, дарынды азаматтармен танысуыңыздың тиімді тетігі.

 

Егерде Сіз экономист, агроном, менеджер, заңгер, немес инженер болсаңыз- сөзді дұрыс қолдану мен құрастыру, аз уақыт ішінде тиімді аргумент табу, қоғам алдында шығуға қысылмаумен өзіңді еркін сезіну

сіздің болашақ мамандық жолыңызда керекті құралдар.

 

Біз Сізді қуана қарсы аламыз!

 

 


PDF