Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

О

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ғылыми-инновациялық орталығында МЕМСТ ИСО/ХЭК 17025-2009 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелген тағам өнімдерін өндіру сынақ зертханасы жұмыс істейді (аккредитация аттестаты 27.10.17 жылдан № KZ.Т11.1949). Аккредитация саласы: -  ауыл шаруашылығы малдарын ДНҚ-құжаттандыру; -  азық өнімдерінде ГМК-ді анықтау; -  тағамдық шикізат және азық өнімдерінде антибиотиктердің қалдық мөлшерін және гормондық өсу стимуляторларын анықтау. Университет басшылығы студенттерді, оқытушыларды, қызметкерлерді халықаралық аккредиттеу рәсімінен сәтті өтумен құттықтап, жемісті жұмыс тілейді.
Мамыр айының 24-ті күні А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төраға орынбасары Алик Шпекбаев Қостанай облысының жоғары оқу орындарының ректорларымен және студенттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында кәсіби қызметтегі сыбайлас жемқорлықты, құқық бұзушылықты алдын алу мәселелері талқыланды. ҚМУ ректорының кеңесшісі, генерал-майор Михаил Дәуенов студенттерге сыбайлас жемқорлықты алдын алу әдістері туралы ақпарат беріп, құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда дер кезінде тиісті органдарға хабарлауды өтінді. Студенттер кездесуге шақырылған мамандарға сұрақтарын қойды, баяндама оқыды, өз ойларымен бөлісті.
Облыс орталығы Қостанай қаласында дәстүрлі «Студенттік көктем-2017» XXIII фестивалі мамыр айының 17-сі мен 19-ы аралығында өтті. Іс-шараға өңірдегі сегіз жоғары оқу орнынан дарынды, өнерлі студенттері қатысты. Үш күн бойы фестивальге катысушы студенттер футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, волейбол, үстел теннисі сияқты спорттық жарыстарда бақ сынады. Өнерлі жастар вокал, хореография байқауларына қатысты. Фестивальдің бағдарламасында «Ханзада мен Ханшайым» сұлулық байқауы, КВН, «Мега-мозг» интеллектуалдық ойыны, дебат турнирі, экшн-ойындары да болды. Біздің студенттеріміз белсенділік танытып, 1, 2, 3 орындарға ие болды. Мараппатау рәсімі ҚМУ-дың алдыңғы алаңында өтті. Облыс әкімінің құттықтау сөзінен кейін, номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды. Жобаның бас жүлдесін екі жоо иеленді: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ және М. Дулатов атындағы ҚИнНЭУ. Салтанатты марапаттау рәсімінде дәстүрлі іс-шараның келесі жылғы ұйымдастырушысы Ахаң атындағы ҚМУ болатыны анықталады. Фото
2017 жылдың 27-ші сәуірінде ҚМУ-дың мәжіліс залында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалының ұйымдастыруымен «Жаһандану жағдайында Қазақстандағы тілдік білім беру жүйесі» тақырыбында Халықаралық ғылыми форум өтті. Шараның негізгі мақсаты: Қазақстанда көптілді оқыту шеңберінде тілдік білім беру саласында туындаған мәселелерді практикалық жолмен шешу және талқылау. Халықаралық ғылыми форумға шетел ғалымдары, жоо, колледж, мектеп оқытушылары, қоғам қайраткерлері және білім беру басқармасының өкілдері қатысты. Форум барысында қозғалған тақырып бойынша баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, форумның шеңберінде дөңгелек үстел, шеберлік-сабақтар және «Аудармашының эткасы» тақырыбында семинар өтті.
2017 жылдың 8-ші ақпанында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары С.Ш. Бектұрғановпен және Ж.М. Нұрғалиевпен кездесу өтті. Депутаттар жақында шыққан Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Конституция мен заңдарға өзгерістер еңгізу туралы Үндеуін және Қазақстан Халқына Жолдауын кездесу қатысушыларына түсіндіру іс-шараларын өткізді. Кездесуге университет ұжымы және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты. Халық қалаулылары өз баяндамаларынан кейін, қатысушыларға кез келген тақырыпта сұрақ қоюға мүмкіндік берді. Жұмыс барысында депутат С.Ш. Бектұрғанов реформалардың мәнін барынша ашық түсіндіріп, ұсыныстарды ауызша және жазбаша түрде қабылдайтынын айтты. Басқосу жоғары деңгейде өтті. Келген қонақтар университет ұжымына алғыстарын білдіріп, жұмыста сәттілік тіледі.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – А.Қ. Нұркина, А.А. Құрманова, С.Ф. Бычкова жұмыс сапармен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне келді. Сапардың негізгі мақсаты: 2017 жылдың 25-ші қаңтарында шыққан Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Конституция мен заңдарға өзгерістер еңгізу туралы Үндеуін және 31-ші қаңтар күні шыққан Қазақстан Халқына Жолдауын ЖОО ұжымына түсіндіру іс-шараларын өткізу болды. Өз сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина Жолдаудың басым бағыттарына тоқталып өтті. Атап айтқанда, депутат ұжым назарына биылғы Жолдауда қозғалған еңбек нарығының жаңғырту және бизнес-ортаны кеңейту мәселелеріне аударды. Елбасының 25 қаңтардағы Үндеуінде атап өткен билік тармақтары арнасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ұсынылатын конституциялық реформалары туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова әңгімеледі. Кездесу барысында депутаттар университет ұжымының көптеген сұрақтарына жауап берді.
1 2 3