Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жетістіктер

 

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің соңғы жылдардағы дамуы мамандарды даярлаудың ескі моделінен халықаралық тәжірибеге көшу, еуропалық жоғары білім аймағына бірігу, Болон процесіне қатысу және білім берудің сапасына кепілдік жасауға бағытталуымен айқындалады.

 

2009 жылдың 18 қыркүйегінде А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Университеттердің Ұлы Хартиясына ("Magna Charta Universitatum" Болонья қ.) қол қойып, дербестікті, басқарудың демократиялық принциптерін, студенттердің, ғылыми зерттеулердің, білім беру бағдарламаларының академиялық еркіндігін, оқыту және зерттеудің бірлігін дамыту міндеттерін алды.

 

Университет мамандарды даярлаудың 3 деңгейлі бакалавр-магистр-PhD докторы моделіне көшті. Оқу бакалавриаттың 33 мамандығы, магистратураның 28 мамандығы, PhD докторантураның 17 мамандығы бойынша жүргізіледі. Жыл сайын магистранттар мен докторанттардың саны өсуде. Оқу үрдісін шамамен 300 адам, соның ішінде 150-ден артық ғылыми дәрежесі мен атақтары бар оқытушылар жүргізеді. 

 

2014 жылдың маусым айында университет ББСҚТҚА институционалды аккредиттеуден өтті. Барлық білім беру бағдарламалары ББСҚТҚА, KazSEE, ACQUIN аккредитациялық органдарында толық мерзімге (5 жыл) аккредиттелді. Республикалық ЖОО-ның рейтінгісінде тұрақты орын және аймақта бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейі мен көшбасшылық ұстанымдарын қамтамасыз ету университеттің жетістіктеріне жатады. 2018 жылдың ББСҚТҚА рейтингісінің қорытындысы бойынша университет үздік көпбейінді университеттердің ондығына кірді. Жыл сайынғы ББСҚТҚА өткізетін білім беру бағдарламаларының республикалық рейтингісінде ҚМУ мамандықтары 1-5 орындарды алады.

 

2010 оқу жылынан бастап университетте, ҚР үздік деп танылған ББСҚТҚА болжамы бойынша ҚР ЖОО-ның бас рейтингісі шеңберінде Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінің базасында қашықтықтан білім беру технологиясы енгізілді. Moodle қашықтықтан білім беру жүйесінде оқитындар саны 2010 жылдан бері 5 есе өсті және ол бүгінде 2500-ден астам студент пен магистранттарды қамтиды. Университеттің 276 оқытушысы қашықтықтан білім беру технологияларына арналған әр түрлі семинарларда білім алды. 2018 жылы сәуір айында университеттің Moodle қашықтықтан білім беру жүйесінің базасында көпкезеңдік химия олимпиадасы өтті, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен, атап айтқанда, Алматы, Ақтөбе, Петропавл, Шымкент, Көкшетау, Степногор, Рудный, Қостанай және Қостанай облысының колледждері мен мектептерінен 259 түлек қатысты.

 

2015-2020 жж. арналған үштілде білім беруді дамытудың жол картасына сәйкес университетте  көп тілде білім беру дамып жатыр және ол бүгінде 11 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Жыл сайын 120-дан астам оқытушы әр түрлі тілдік курстарда білім алады. 2017-2018 оқу жылында 14 оқытушы техникалық ағылшын тілінің курстарында білім алып, Co-funded by the Erasmus+ Programme of the Eourpean Union сертификаттарын алды.

 

2015-2016 оқу жылынан бастап Қостанай мемлекеттік университетінде инженерлік, ауылшаруашылық бағыттары мен ветеринарлық медицина мамандықтарына «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша студенттерді қабылдау жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама бойынша университетте 2018 жылы 735 студент білім алды.

 

Университет «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында белгіленген инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қатысуды жалғастырып отыр. Біздің университет ИДМБ бойынша ҚР 11 дамыған ЖОО-ның қатарына кірді. Бұл жобаның мақсаты солтүстік өңірді индустрияландыру жобаларын жүзеге асыру үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Түлектерді жұмысқа орналастыру 100 пайызды құрайды.

 

2016 жылдың 10 маусымындағы №344 ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес тұңғыш рет Қостанай өңірінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде запас офицерлерін дайындайтын іскери кафедра құрылды. 2018 жылы іскери жинақтан табысты өткен әскери кафедраның түлектерінің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімін өткізді.

 

Жүйелі негізде жұмыс берушілермен байланыс нығаюда. Алқалық басқару органдарының міндеттерін кеңейту және олардың ашықтығын арттыру, әділдік пен жариялылық, студенттер мен жұмыс берушілерді басқаруға тарту арқылы университетте бірлескен менеджмент ұстанымдары енгізілуде.

 

 

Келешегі зор ғылым

 

 

Университеттің ғылыми-зерттеу саласындағы мақсаты - жаңа буындағы университеті құру - білім беру қызметін ғылыми зерттеулер, құрылымдаулық және технологиялық зерттемелер жасаумен үйлестіру және аймақтың басты даму бағыттары бойынша іске асыру.

 

2019 жылы желтоксанда А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің субъектісі ретінде аккредиттеуден өтті.

 

Университет қызметін ғылыми-инновациялық басым ету мақсатында және ғылыми зерттеулерді алға бастыру және үйлестіру қажеттігін ескере университетте инновациялық әлеуетті тиімді пайдалану жүйесін дамытуды қамтасыз ететін экономикалық зерттеулер Орталығы мен Инновациялық ғылыми-білім беру Орталықтары құрылды.

 

Университетте жыл сайын әйгілі мамандар мен Ресей, Украина, Беларусь Республикасы, Канада ғалымдарының қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі.

 

2018 жылы университет базасында Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен аймақ өнеркәсіптерін цифрландыруға жәрдем беруге арналған «Парасат» цифрлық хаб құрылды.

 

2019 жылы 4 сәуірде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова іссапармен келді. Ресми сапар аясында Қазақстандағы жастар жылы мен цифрландыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған аймақтық SMART-орталығы таныстырылды. SMART-орталығы базасында Қостанай облысының талантты жастарын тарту үшін құрылған IT-skills (роботты техника, 3D үлгілеу), Cyber-club, Agro-skills кеңселері, студенттік стартаптар мен ғылыми идеяларды жүзеге асыратын Co-working – бастапқы алаң ашылды.

 

Университет ҚР БҒМ Ғылым комитетенің гранттық тақырыптарын жүзеге асыру жоспарында ғылыми-зерттеу қызметінің дамуының тұрақты тенденциясын көрсетіп отыр. ҚР БҒМ жаңа конкурс аясында 2018-2020 жылдарға  ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға үш басымдылық бағыт бойынша қаржыландыруға 6 жоба (2018 жылғы сома – 53 млн.теңге) және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға (университет тарихында алғаш рет)  бір жоба (2018 жылғы сома – 20 млн.теңге) мақұлданды.  

 

Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі аса маңызды бағыттардың бірі  Қостанай мемлекеттік университетінің Эрасмус+ бағдарламасына қатысуы. Университет жастар саясаты мен спортты дамытуды қолдауға, білім беру және оқыту жүйесін тұрақты дамыту, жаңашаландыруды әрі қарай іске асыруға, сонымен қатар жастардың дағдыларын жетілдіру мен жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған бағдарламалардың жобалар саны бойынша көшбасшы боп табылады.


PDF