Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Оқу-әдістемелік және ғылыми орталық

Қазіргі кезде энтомологиялық мұражай энтомология және өсімдік қорғаумен айналысатын мамандар үшін Қостанай облысының энтомафаунасын зерттейтін ғылыми және оқу-әдістемелік орталыққа  айналды.

 

  

Өсімдік қорғау бойынша өткізілген семинар тыңдармандарының жинақтармен танысуы 

 

Коллекциялық материалдарды республикалық әдістемелік болжау мен фитосанитарлық диагностикалық орталығының МБ аудандық филиалының мамандары, жеміс-көкөніс өнімдерін өсірумен   айналысатын ғылыми өндірістік мекемелердің мамандары, ғылыми жұмыстар жазатын жас ғалымдар, облыс және қала санитарлық қызметінің жұмысшылары ,сонымен қатар облыс және қала тұрғындарына санитарлық көмек көрсету үшін қолданылады.

 

Мұражай – бұл бірден құрыла салмаған, ол көптеген күш керек ететін тұрақты көңіл мен жаңаруды талап ететін белсенді дамып келе жатқан жүйе. Мұражай қызметкерлері – өз істерінің нағыз шеберлері, олар жыл сайын біздің облысымыздың ғылыми,шаруашылық және танысу құндылығы бар шыбын-шіркейлерді жинап, анықтап, жүйелеп, сақтайды; ғылыми мақалалар жазады,сонымен бірге конференцияларға қатысады.

 

 

  

                           Топырақты жинаулар                                          Тікқауырсындыларды ұстап алу

                                                                                                 

     

                      Шыбын-шіркейлерді реттеу бойынша жұмыстар   Шыбын –шркейлерді анықтау жұмыстары            

 

 

Экспозиция құрастырудағы жұмыстар

 

Қостанай аумағының энтомафаунасын зерттей отырып, мұражай қызметкерлері ғылыми-тәжірибиелік конференцияларға қатысады.. Энтомологиялық зерттеулер ғылыми мақалаларда көрсетілген.

 

 

 

Ғылыми-тәжірибиелік конференцияларда баяндалуларын.

 



PDF