Жаңа форматтағы сессия

Читать: 1 мин

Бүгін жазғы емтихандар сессиясы басталды. Биыл ол барлығымызға да тың, жаңа форматта өткелі жатыр. Сондықтан бүгіннен бастап құрылымдық бөлімшелер туындаған мәселелерді жедел шешу мақсатында емтихандардың барысына талдау жасайды және бақылайды.

Өткен аптада оқытушылар студенттердің оқу жетістіктерін жалпы бағалауды қорытындылады. Жазғы сессияға 3000-нан астам студент өтті, оның 1900-ы бағаларымен келіседі. Ал 1000-нан астамы жазбаша өтініштердің негізінде сессияға жіберілді және бүгін олар онлайн режимінде алғашқы емтихандарын тапсырды. Ол үшін біз бірнеше платформаларды қолданудамыз. Мысалы тестілеу MOODLE алаңында өтсе, ауызша және шығармашылық емтихандар ZOOM арқылы қабылданады. Емтиханның әділ өтуі үшін бұл платформаларда прокторинг бағдарламасы бар. Ол студенттердің жеке басын, қосалқы дыбыстарды анықтайды және экранында түрлі қосымшалар мен бағдарламаларды ашуға мүмкіндік бермейді.

Қымбатты студенттер, сессия әрқайсыңыз үшін маңызды кезең! Сондықтан емтихан тапсыруға аса жауапкершілікпен, ұқыптылықпен дайындалсаңыздар екен. Сіздерге сәттілік тілейміз!

КГУ