object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 01:17:50.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Жылдың үздік психологы» республикалық байқауы

Алматы қаласында 1-2 наурыз күндері «Жылдың үздік психологы» республикалық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – кәсіби құзыреттіліктерін оңтайлы меңгерген, талантты, шығармашыл психологтарды анықтау және оларды қолдау.

Республикалық байқауға Қостанай өңірлік университетінен 7М01101 «Педагогика және психология» мамандығының білім беру бағдарламасының ғылыми-педагогикалық бағытының 1 курс магистранттары Әйгерім Ғалымқазы мен Санжан Перзентбаева қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша Санжан Перзентбаева II орынға ие болды. Ал Әйгерім Ғалымқазыға «Жылдың үздік психологы» республикалық байқауына қатысқаны үшін сертификат табысталды.

Магистранттарымызды құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз!

 

Қабылдау комиссиясы