object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 03:43:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Журналист болам десеңіз...

Бүгін Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері облыстық «Қостанай таңы» газетінің ұжымымен кездесті. Кездесу «Қостанай таңы» газетінің 100 жылдығы және қазақ журналистикасының атасы Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығы аясында өтті.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттерімен кездесуге газеттің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков, редактордың орынбасары Жұматай Кәкімжанов, тілшілері Аслан Қанғожин мен Жандос Жүсіпбеков келді. Жандос Жүсіпбеков – кафедра түлегі.

Қонақтар облыстағы жалғыз қазақ тілді газеттің тарихы, қоғамдағы орны мен рөлі туралы айтты. 1922 жылы іргесі қаланған газеттің қайнар басында қазақтың тұңғыш кәсiби журналистерiнiң бiрi Мұхамеджан Сералин мен қазақ әдебиетiнiң қас шеберi Бейiмбет Майлин тұрды. Басылымның алғашқы саны 1922 жылы 25 маусымда «Ауыл» деген атпен шықты. Сегіз рет атауы өзгертілді, қазақ жазуының әр түрлі кезеңдерінен өтті, араб, латын, кириллица қаріптерімен басылып шықты.

Бүгінде «Қостанай таңы» газетінде 50 адам қызмет істейді. Таралымы 10 000-ға жуық. Газет аптасына үш рет: сейсенбі, сәрсенбі, жұма күндері шығады.

Кездесу пікір алмасу түрінде өтті. Студенттерді басылымның саясаты, ұстанымы қызықтырды. Заман талабына сай талпыныс пен шыншылдықты өз бойларында тәрбиелеудің шарттары туралы сұрады. Сонымен қатар редакцияға жұмысқа орналасу талаптары жайында ақпарат алды.

Аға буын журналистер болашақ маман иелеріне мамандыққа қажетті бірнеше ақыл-кеңестерін айтты. «Көмек керек болса, осы бастан тәжірибе жинақтауды көздесеңіздер, келіңіздер, есігіміз әрқашан ашық. Газетте жастарға берілген бет, сайтта айдарлар бар. Бұл сіздер үшін үлкен  мүмкіндік, уақытты тиімді пайдаланыңыздар»,-деді.

Кездесу қызықты өтті. Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының студенттері тәжірибелі журналистерден көптеген пайдалы ақпарат, бағыт-бағдар алды. Жалпы кафедра мұндай кездесулерді жиі өткізіп тұрады. Мақсат – студенттерді мамандыққа баулу, маман ретінде жетілдіру, қаламдарын ұштау.

Қабылдау комиссиясы