Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Өздеріңіз білетіндей, 16 наурыз күні Президент «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты кезекті Жолдауын жариялаған болатын. Мемлекет басшысы жуық арада жүзеге асырылатын ауқымды саяси реформалар мен бірқатар әлеуметтік-экономикалық шаралар жайында айтты. Жаңалық көп. Жаңа мемлекет құру жолында көптеген өзгерістер күтіп тұр. Оқу орнында өткен дөңгелек үстел барысында Президент ұсынған жаңа қадамдардың ел игілігіне ықпалы талқыланды. Университет оқытушылары мен студенттерінің пікірінше аталмыш өзгерістер Қазақстанды жаңа белеске жетелейді.