15 сәуірде №1 жатақхананың оқу залында Практикалық психология орталығының жетекшісі Татьяна Волошина жатақханада тұратын студенттермен кездесті. Кездесу тақырыбы – «Қарым-қатынас психологиясы. Жігіт пен қыздың өзара әрекеттесуі».
Студенттерді адами қарым-қатынастың әртүрлілігімен, әсіресе ер мен әйел арасындағы қарым-қатынаспен таныстыру; студенттердің эмоционалдық, когнитивтік және мінез-құлық деңгейіндегі еркек пен әйелдің айырмашылығын, сондай-ақ өзін сол немесе басқа жыныстың өкілі ретінде сезінуі – кездесуде тыңдалған басты бағыттар осындай.
Студенттер пікірталасқа белсенді қатысты, қызықты, терең және философиялық тақырыптар қозғалды.
Аталмыш кездесуді университеттің жастар саясаты департаменті ұйымдастырды.