object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 01:42:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жақсылық жаса

15 наурыз күні Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының «Бастауышты оқытудың педагогикасы және әдістемесі», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ББ-ның 1 курс студенттері мен кафедраның аға оқытушысы Шолпан Жандауова «Қостанай қаласындағы қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілері үшін Наурыз мейрамын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – балалар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға ықпал ету және достасуға, достықты бағалай білуге үйрету. Шара барысында әр түрлі ойындар мен сайыстар өткізілді, оған барлық балалар қатысты. Басында балалар аздап қысылды, бірақ көп ұзамай қонақтарға үйреніп, ашылып, өнерлерін көрсете бастады. Бірі сурет саласа, кейбірі ән айтып, би биледі, ал енді бірі өлең оқыды. Балалар түрлі сайыстарға қызығушылықпен қатысты, қазақтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен танысты.

ҚӨУ-нің студенттері мерекелік шашу да шашып, балаларға тәттілер сыйлады. Сондай-ақ қолдау орталығының балаларына Наурыз мерекесіне орай студенттер дайындаған ашық хаттар табыс етілді. Шара соңында барлығы бір-бірін келе жатқан көктем мен жаңару мерекесі – «Наурыз – мейрамымен» құттықтап, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара фотосессиямен аяқталды.

Қабылдау комиссиясы