Биология, экология және химия кафедрасы мен «ЭКО-Life» студенттік клубының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа жылды ЭКО стилінде баста» халықаралық экологиялық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттерімен қатар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің (Көкшетау), Орал орман шаруашылығы университетінің (Екатеринбург, РФ), Сургут мемлекеттік университетінің (Сургут, РФ) студенттері қатысты.
Байқаудың негізгі идеясы – студенттердің назарын қатты тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуы және олардан туындаған экологиялық мәселелерге аудару. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтарды екінші реттік пайдалануға байланысты студенттердің экологиялық-экономикалық көзқарасын қалыптастыруды көздеді. Байқауға қатысушылар тұрмыстық қалдықтардан түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, қазылар алқасына ұсынуы керек болды. Іс-шара онлайн және офлайн режимде өтті. Басқа университеттердің студенттері жұмыстарын бейнероликке түсіріп жіберді. Ал финалдық кезеңді олар @eco_life_kru Instagram аккаунтында өткен тікелей эфир арқылы тамашалады.
Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 3 курс студенті Мадина Мұздыбаева мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Агрономия факультетінің 1-курс студенттері Гүлназ Қарағұл, Меруерт Ақжарықова өзара бөлісті.
2-орынға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 3 курс студенті Ярошенко Денис және Орал орман шаруашылығы университетінің студенті Полина Переходова, сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің химия кафедрасының 2 курс студенттері Мөлдір Әзілханова, Жайна Көлбаева, Нұрсұлу Жасұзақ, Дарина Жүсіпова лайық деп саналды.
3-орын Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің 4 курс студенті Орынбасар Серікбайға, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ «Экология» ББ студенттер командасына және Сургут мемлекеттік университетінің студенті Артур Лутфиллинға берілді.
Байқаудың барлық қатысушылары алғыс хаттармен, университет логотипі бейнеленген сыйлықтармен және жаңа жылдық тәттілермен марапатталды.