object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 19:49:32.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жұмыс берушімен кездесу

Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасы түлектерді жұмыспен қамту жоспары аясында соңғы, 4-курс студенттері үшін жұмыс берушімен кездесу өткізді. Кафедра меңгерушісі Амангелді Шөрентаев алдағы уақытта университет пен аймақтық БАҚ арасында дуалды білім беру туралы үшжақты келісімге қол қою жоспарланып отырғанын, бұл студенттердің өз мамандығы бойынша оқуын еңбекпен ұштастыруға мүмкіндік беретінін айтты.

«QostanaiMedia» – ірі медиахолдингінің құрамында сегіз аудандық газет, қалалық «Наш Костанай» газеті, «ТоболИнфо» ақпарат агенттігі, «Рассвет» радиосы, «Жанашыр бол» қоғамдық қоры бар. Медиахолдинг – кафедраның көп жылдан бергі сенімді серіктесі, онда студенттер тәжірибеден өтеді, кейбіреулері қазірдің өзінде жұмыс істейді. Холдингтің бас директоры Асқар Жабаевтың айтуынша, қазір барлық БАҚ интернетте дамып жатыр, яғни SMM саласындағы мамандар бүгінде сұранысқа ие.

Сонымен қатар студенттер алдында «QostaiMedia» холдингінің екі қызметкері сөз сөйледі. Бірі – «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасының түлегі, қазір аудандық «Камыстынские новости» газетінің бас редакторы Дина Нұғманова болса, екіншісі – кафедраның 2-курс студенті, «Наш Костанай» газетінің тілшісі Екатерина Байняшева. Олар жұмысқа қалай орналасқандықтары және кәсіби қызметті оқумен ұштастыра білгендері туралы әңгімеледі.

«QostaiMedia»-ның басшысы ҚӨУ-нің студенттерін тәжірибеден өтуге және жұмысқа шақырды. Асқар Жабаевтың айтуынша студенттердің кәсіби тәжірибе жинақтауы үшін қазірден бастап мамандығы бойынша жұмыс істегені дұрыс.

Қабылдау комиссиясы