object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-19 07:05:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Жұмыс берушілердің қатысуымен өткен дөңгелек үстел

В.Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институтының «Ветеринария және ветеринариялық санитария» кафедрасы «Жоғары оқу орнының жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастығы - түлектердің сапалы дайындығының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, онда университет түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды, және осы бағытты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ЖОО мамандарын даярлау сапасының қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі, ветеринарлық медицина кафедрасының облыстың мемлекеттік мекемелерімен серіктестік перспективалары туралы әңгімеледі.

Дөңгелек үстелге қатысқандар:

Төлеген Қобжасаров – В.Двуреченский атындағы ауыл шаруашылығы институты директорының орынбасары;

- Нұргүл Жамангузова – Мансап және жұмыспен қамту орталығының басшысы;

Михаил Колдырев – подполковник, ҚР Шекара қызметі басқармасының кеңесшісі;

- Азамат Абиджанов – «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі;

«Ветеринария» білім беру бағдарламасының 5 курс студенттері мен магистранттары

Ветеринария және ветеринариялық санитария» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы.

Дөңгелек үстел барысында Қостанай облысы бойынша ветеринария қызметі мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің департаментіндегі бос орындар туралы есептер тыңдалды.

Қабылдау комиссиясы