object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 04:01:20.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Өзіне өзі психолог

«Өзін-өзі бағалауды және өзіне деген сенімділікті арттыру» - осындай тақырыпта Практикалық психология орталығының «Өзіне өзі психолог» тобының кезекті кездесуі өтті.

«Өзіне өзі психолог» факультативтік курсы оқу жылының басынан бері жүйелі түрде жүргізіліп келеді және ол әртүрлі курстар мен мамандықтардың студенттерімен жұмыс істеуге арналған. Сондай-ақ аталмыш психологиялық курс студенттерге күнделікті өмірде тиімді әрекет етуге, түрлі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін білім мен дағдыларды беру үшін қажет. Бұл тұлғаны дамыту бағдарламасы өмірге оптимистік көзқарастарды дамытуға, болашаққа жоспар құруға, ең бастысы даралық пен әлеуетті ашуға көмектеседі. Сабақта оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың әртүрлі формалары қолданылады: практикум, шығармашылық шеберхана, рефлексиялық тренинг, коммуникативті тренинг және т.б.

Психологиялық топ ерікті түрде өткізіледі. Факультативтік курс барысында студенттер тақырып бойынша құнды ақпарат алып қана қоймайды, сонымен бірге ынтымақтастықтың, эмпатияның энергетикалық серпінін алады, практикалық жаттығуларда теріс ойлау мен иррационалды көзқарастарды жою үшін жұмыс жасайды.

Әр сабақтың соңында кері байланыс сауалнамасы толтырылады, онда әр қатысушы курс кезінде алған әсерлерімен, болған жайттарға өз сезімін, көзқарасын, ескертулері мен ұсыныстарын айта алады. Барлық қызығушылық танытқан студенттер үшін топқа жазылуға және алдағы сабақтарға қосылуға әлі де мүмкіндік бар.

Қабылдау комиссиясы