Skip to content

Өзіне өзі психолог

Практикалық психология орталығы әртүрлі курстар мен мамандықтардың студенттеріне арналған «Өзіне өзі психолог» факультативтік курсын әзірледі. Курс студентке күнделікті өмірде тиімді әрекет етуге, әртүрлі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін құралдармен қамтамасыз етуге арналған. Курсты кәсіби психолог, магистрант Татьяна Волошина жүргізеді, ол қауіпсіз атмосфераны, қатысушылардың тиімді жұмысын және тұлғалық өсуін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Өздеріңіз білетіндей, университетте топтық кездесулер тұрақты негізде өткізіледі, онда қатысушылар қандайда бір жеке ақпаратпен бөлісу-бөліспеуді өздері шешеді. Қаласа толық құпиялықты сақтауға немесе топ мүшелеріне толық ашылуға да мүмкіндік береді.

Жақында өткен студенттердің кезекті кездесуі «Тілектерді орындау тәжірибесі» тақырыбына арналды. Дәл осы уақытта, мереке қарсаңында – өмірлік перспективаларды қалыптастыруға, мақсат қоюға қолайлы кезең. Студенттердің пікірінше, мұндай тренинг болмыстың заңдылықтарын жақсы түсінуге, өзіміздің күшіміз бен даралығымызды сезінуге, болашаққа сенімді көзқараспен қарауға, өмірдің жеке мәнін табуға көмектеседі.

8 777 276 06 74 телефоны арқылы хабарласып, топқа тіркелуге болады.

Қызықты ақпарат пен қолдауды қажет ететін әрбір студент факультативке қатысуға уақыт табады деп сенеміз.

 

Ұсыныстар мен тілектерді қалдыру