object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-03-29 16:03:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

XI жазғы Универсиаданың қорытындысы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің мәжіліс залында XI жазғы Универсиада қатысушыларымен баспасөз конференциясы өтті.

Республика тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған XI жазғы Универсиаданы ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы ұйымдастырды. Еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы Универсиада Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Тараз, Қостанай қалаларында спорттың 36 түрі бойынша өтуде. А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің командасы спорттың 7 түрінен қатысты: қазақ күресі, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, президенттік көпсайыс, гір көтеру, пауэрлифтинг, грек-рим күресі.

Универсиада әлі аяқталмағанына қарамастан, біздің университеттің командасы өте жақсы нәтиже көрсетті. А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің командасы президенттік көпсайыс және пауэрлифтинг бойынша  XI жазғы Универсиаданың Чемпионы атанды, гір көтеруден біздің спортшылар екінші орынға ие. Аталмыш спорт түрілері бойынша спортшылар командамен де, жеке есепте де сайысты. Ең көп медаль алған пауэрлифтингшілер, олар 10 алтын, 6 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Президенттік көпсайыста оқу ордамыздың спортшылары 4 алтын және 4 күміс медальға ие болды. Жеңіл атлетикадан, гір көтеруден және қазақ күресінен де жүлделер бар. Бұл жеңістердің барлығы спортшылар мен олардың жаттықтырушыларының күнделікті жұмысының жемісі. Баспасөз конференциясында тәрбие ісі жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Азамат Исабаев спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына еңбегі үшін алғыс білдіріп, спортшыларымыз әр түрлі спорт жарыстарында өз университетінің абыройын асқақтатады деген сенім білдірді!  

Қабылдау комиссиясы