Қазақстан халқы Ассамблеясы Алғыс айту күніне арналған бейнероликтер байқауының қорытындысын жариялады.
Байқаудың мақсаты – қазақ халқының бірлігі мен жан-жақтылығын, барлық этностардың бір-біріне деген ізгілікті қарым-қатынасын сақтау, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту.
1 наурызда «Жастар» сарайында мерекелік концерт өтті, онда байқау жеңімпаздары марапатталды. Экономика және құқық институтының «Журналистика» ББ-ның 3 курс студенттері Валерия Соколовская мен Лариса Божко 1-орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға ноутбук сыйға тартылды. Олардың «Бір фотоның тарихы» номинациясы бойынша жұмысы 1936-1943 жылдар аралығында Қазақстанға жер аударылған поляк этносы өкілдерінің өмірін баяндайды.