А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-да студенттердің алматылық велосаяхатшы Дамир Кущевпен кездесуі өтті. Дамир Кущеев Алматыдан Қостанайға велосипедпен келді, ол 2700 шақырым қашықтықты 36 күнде жүріп өткен. Қостанай қаласы - бұл менің Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған Қазақстан бойынша күзгі велошеруімнің бесінші аймағы, - деді Дамир. Ол велошеруін Ақтөбеде аяқтауды жоспарлаған, бірақ ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты саяхатына түзетулер енгізуге тура келді, велошеру Қостанайдан аяқталатын болды.
«Осы уақытқа дейін ауа-райы жақсы болды, тек Қостанайға келгенде қыстың түскенін сезіндім»,-дейді велосипедші. Дамир Кущеев өзін волонтер, жаяу жүргінші, велосаяхатшымын деп санайды. Алматыда ол мұқтаж жандарға азық-түлікпен, қажетті заттарымен көмектесетін еріктілер қозғалысын құрды.
Саяхатшы өткен жазда ағасымен бірге Алматыдан қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туған жері – Семейге дейін 1200 шақырым жол жүріп өтті. Олар саяхаттарын ақынның мерейтойына арнап, «Абай жолы» деп атады. Бұл жолды олар 46 күнде еңсерген.
2021 жылдың жазында велосаяхатшы өзінің рекордын жаңартты - ол велосипедпен Түркияға барды. Бес аптада 3 мың шақырымнан астам жолды еңсерген.
«Әр адам өз мүмкіндігіне қарай Қазақстанды аралап, еліміздің ұлан-ғайыр жерінің әдемілігін өз көзімен көріп, бай тарихымен және халқымен таныса алады. Бұл менің салауатты өмір салтын ұстануға және Қазақстандағы велотуризмді дамытуға қосқан үндеуім дер едім», – деп Дамир өз ойымен бөлісті.