5-6 маусымда Алматыда «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогы үшін XIX Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнир өз өңірінің іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары атанған республиканың түкпір-түкпірінен ең мықты 16 команданы жинады.
Біздің облыстың атынан А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің студенттері, «Ахмет ұрпақтары» дебат клубының мүшелері Диас Ержанов пен Азамат Камза қатысты. Жігіттер жақсы ойын нәтижесін көрсетті, 4 іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша ширек финалға жолдама алды. Ширек финалда Ақтөбелік, жартылай финалда Нұр-Сұлтан қаласының командаларымен бақ сынасты. Бұл додада да жеңімпаз атанған ҚӨУ-нің пікірсайысшылары финалда Петропавловск қаласының командасымен жарысқа түсті. Финалдық ойын тартысты болды, бірақ біздің жігіттер жеңісті қолдан бермей, турнирдің жеңімпазы атанды!
Турнир – республикадағы ең мықты турнирдің бірі, сондықтан біздің студенттер аталмыш сайыстың жеңімпазы болғанына мақтанамыз!