«AMANAT» партиясының жастар қанаты бүгін Қостанайда бастау алған «Таза сессия» республикалық акциясын өткізді. Акцияны өткізудегі негізгі мақсат – студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Осы акция аясында студенттер арасында анонимді сауалнама жүргізу жоспарлануда. Оның барысын қалалық Мәслихат депутаты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері бақылайды.
Бүгін «AMANAT» партиясының жастар қанаты университетіміздің студенттерінің құқықтық санасы мен белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзушылық көріністеріне төзбеушілік мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.