Қостанай облысының «TAYELSIZDIK URPAGY» стартап-байқауының салтанатты ашылуы өтті.
Жастардың стартап-қозғалысын табысты дамыту үшін әр түрлі салаларды біріктіретін, кейіннен жаңа қатысушылар қосыла алатын алғашқы компаниялардың табысының негізін қалауға мүмкіндік беретін қажетті орта құру қажет.
Үкімет деңгейінде жастар кәсіпкерлігінің экожүйесін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда: бұл әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар және бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары. Осы мақсатта А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жанынан өңірлік Smart-орталық – барлық деңгейдегі IT құзыреттерін және кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру бойынша мультифункционалды алаң құрылды.
Бүгін, дәл осы алаңда,біз Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасымен және "Қазақстан жастар фракциясы" қоғамдық қорымен бірлесіп, ең ауқымды стартаптар байқауын бастаймыз.
Қазіргі уақытта "ТAYELSIZDIK URPAGY" Қостанай облысындағы стартаптардың ең үлкен және маңызды байқауы болып табылады. Мұндай іс-шаралар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді әлеуметтік іріктеудің және бизнес-идеялардың бизнесті жүргізудің нақты жағдайларына сәйкестігін тексерудің маңызды құралы болып табылады.
Бірінші кезеңде келесі бағыттар бойынша 63 өтінім іріктеліп алынды:
- IT-жобалар, технологиялар;
- ауыл шаруашылығы;
- азаматтардың өмірін жеңілдететін құрылғылар, технологиялар;
- мобильді қосымшалар;
- экология;
- өндірістік процестерді автоматтандыру;
- азық-түлік өнеркәсібі.
Бұдан әрі, бүгін басталып, 2021 жылғы 24 тамызға дейін жалғасатын 2 – кезеңде онлайн 16 воркшоп, трекшн-кездесулер (өтініш бойынша) және жеке консультациялар (өтініш бойынша) өткізіледі. Жартылай финал мен финал-Demo Day 2021 жылдың 7-8 қыркүйегіне жоспарланған, онда жеңімпаздар жарияланады.
Жүлдегерлер республикалық және халықаралық деңгейде алға жылжуға, сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Өңірлік Smart-орталығы базасында тегін жылдық жарияланымдарға ие болады. Жүлде қоры -1 000 000 теңге.
Байқауға қатысушыларды мазмұнды бағдарлама күтуде: идеялар іздеу, бизнес-тренингтер, менторлардың көмегі. Содан кейін байқауға қатысушылар Сараптама комиссиясына өздерінің стартап-жобаларын таныстыруы тиіс.
Барлық қатысушыларға шабыт, шығармашылық идеялар мен сәттілік тілейміз!