А.Байтұрсыновтың 150-жылдығы, Ы.Алтынсариннің 180-жылдығы қарсаңында Қостанайға Ақмола облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі сапармен келді. Олар Қостанай өңірінің тарихи орындарына, ұлы тұлғалардың мұражайларына экскурсияға барды. Қала қонақтары оқу орамыздағы А.Байтұрсыновтың мұражайына да ат басын тіреді. Мұражай меңгерушісі Қалқаман Жақып пен оның көмекшісі Жанат Тюлюбаева Ақмола облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі мүшелеріне қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың өмірі, шығармашылығы туралы баяндап берді, мұражайдағы жәдігерлермен таныстырды. Пайдалы, қызықты ақпаратпен қаныққан қонақтар мұражай қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.