Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де бірқатар іс-шаралар өткізілді.
П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасының аға оқытушысы Диана Батырбекова сыбайлас жемқорлық мәселесіне арналған «Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның ісі!» атты зияткерлік ойынын ұйымдастырды. Ойын қызу және тартысты өтті. Сайыс нәтижесі төмендегідей:
Бірінші орынды «Есеп және аудит» мамандығының «Жастар» командасы жеңіп алды. Екінші орынға «Психология» мамандығының «Свобода» командасы лайық деп танылды. Үшінші орынды «Ақпараттық технологиялар және робототехника» маманданғаның студенттерінен құрылған «Антикор» командасы иеленді.
Барлық қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың назардан тыс қалмауы керек мәселе екенін атап көрсетті. Сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің комплаенс офицері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл офисі жетекшісінің м.а. Нұрсұлтан Алықпашев «Ахмет ұрпақтары» пікірсайыс клубымен бірге Smart-орталықта бүкіләлемдік сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған «Сыбайлас жемқорлық - ғасыр мәселесі» тақырыбында республикалық турнир өткізді. Турнирге Қарағанды, Көкшетау, Арқалық қалаларының командалары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды және 25 000 теңге көлеміндегі сертификаттын «Железо-бетон» командасы жеңіп алды. 2-орын және 15 000 теңге көлеміндегі серификатты «Ғажайып» командасы иеленді. Ал 3-орынды және 10 000 теңге көлеміндегі сертификатты «1465» командасы місе тұтты.
Турнирдің үздік спикері - Жандос Тайлақов. Жандосқа 5000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды. Ал Қарағанды медициналық универсиетінің дебат клубы Үздік делегация кубогымен марапатталды.